Бүгін Түркістан қаласында «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен «ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ — 2018» кең ауқымды акциясы өтіп жатыр. Ұйымдастырылған шараның мақсаты еліміздің денсаулық сақтау саласын дамыту аясындағы «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы және «Денсаулық Фестивалі» Ұлттық бағдарламасын іске асыру.
Сондай-ақ, қоғамның назарын белсенді өмір сүруге аудару, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды насихаттау. Кең ауқымда өтіп жатқан акция Түркістан облысы бойынша 2018 жылдың 8 қыркүйегінде бір мезетте таңғы сағат 08.00-де «Дені саудың жаны сау» ұранымен таңғы жаттығумен басталды.