Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Түркістан қаласын дамытуға бағытталған жобалар таныстырылды
    Жаңалықтар

    Түркістан қаласын дамытуға бағытталған жобалар таныстырылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.09.2018594 Views

    Елбасы Түркістанды түлетуге басты назар аударып, оған мемлекет қазынасындағы қаражаттан бөлек, кәсіпкерлер мен бизнес өкілдерін ат салысуға шақырған болатын.

    ЖОМАРТ.Still015

    Осыған орай облыс әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттарымен және іскер азаматтармен кездесіп, Түркістан қаласын дамыту бойынша әзірленген жобалармен таныстырды.

    ЖОМАРТ.Still027

    ЖОМАРТ.Still012

    ЖОМАРТ.Still020

    ЖОМАРТ.Still026

    Келешекте еліміздің ғана емес, күллі түркі жұртының мәдени орталығына айналатын шахарды  көркейту күн тәртібіндегі басты мәселе. Бүгінде рухани астананы дамыту бағытында арнайы көркем фильм дайындалған. Онда Түркістанның ескі келбетін сақтай отырып  жаңа бағытта бой көтеретін нысандардың келбеті бейнеленген. Арнайы жобаны іскер азаматтарға таныстырған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа иядеяларды жүзеге асыру бағытында бірлікпен жұмыс атқаруға шақырды.

    ЖОМАРТ.Still028

    ЖОМАРТ.Still021

    ААПАП

    Өз кезегінде өңірдегі кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубакиров шағын және орта бизнесті дамытуда әкімдік тарапынан қолдаудың қажеттігін жеткізді. Мемлекет тарапынан берілетін несиенің санын арттырып , бизнес өкілдерінің қызығушылығын ояту Түркістанды түлетуге септігін тигізеді –деді палата басшысы.

    АААА

    Дегенмен, жаңа қарқынмен жұмыс бастауға ниет білдірген өңір азаматтары жетерлік. Халық қалаулылары атынан сөз алған облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев Мемлекет басшысының 26-жыл бойы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп келгендігін, енді кәсіпкерлер мемлекеттен алуды емес, қайта елге қызмет етіп, қолдау көрсетуі керек екендігін тілге тиек етті.

    ЖОМАРТ.Still023

    Жиында белгілі болғандай, жаңа облыс орталығы — Түркістанда белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты Серікжан Сейітжанов «Rixos» бес жұлдызды қонақ үйі сияқты мейманхана салуды бастап кетсе, түріктің іскер азаматы да бес жұлдызды екінші қонақ үйді тұрғызудың жобасын түзіп қойған. Ал облыстық мәслихаттың хатшысы, кәсіпкер Қайрат Балабиев спорт фитнес орталығын салуды ұйғарып қойған. Мұнан бөлек, бірқатар іскер азаматтар өзге де әлеуметтік, мәдени нысандарды салуға ниеттеніп отыр.

    ЖОМАРТ.Still019

    ЖОМАРТ.Still018

    ЖОМАРТ.Still013

    Алдағы күндері Түркістанда  жаңа әуежай, темір жол вокзалы мен автовокзал, сервистік қызмет көрсететін әлеуметтік мәдени нысандар салып, оларға қажетті инженерлік инфрақұрылымды жүргізу жоспарлануда. Атап айтқанда ,жаңа  әкімшілік ғимараты, басқармалара мен департаменттер үйі, драма театры, конгресс-холл, филармония, кітапхана, мәдениет сарайы, 500 орындық мешіт, спорт кешені, стадион, жүзу бассейні, Назарбаев зияткерлік мектебі, саябақтар, көпқабатты тұрғын үйлер, мектептер, бала-бақшалар, көрме орталығы, мұражай, опера және балет театры, ассамблея ғимараты, денсаулық сақтау нысандары және т.б. әлеуметтік-мәдени нысандар құрылыстары мен оларға қажетті инфрақұрылымдар жүргізу басты назарда.

    Жомарт БЕГІМБЕТ

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.