Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Оқушыларға арналған жаңа оқулықтар үлкен қоғамдық бағалаудан және ғылыми-педагогикалық сараптамадан өтті
    Білім

    Оқушыларға арналған жаңа оқулықтар үлкен қоғамдық бағалаудан және ғылыми-педагогикалық сараптамадан өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа29.08.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Биыл оқушыларға арналған жаңа оқулықтар үлкен қоғамдық бағалау мен ғылыми-педагогикалық сараптамадан өтті. 3, 6, 8 сыныптарға арналған оқулықтарды оқу үрдісіне енгізу бойынша ҚР БҒМ тарапынан бірқатар жұмыстар жүргізілді. Барлық оқулықтар республиканың 30 пилоттық мектебінде ғылыми-педагогикалық сараптама мен апробациядан өткізілді. Оқулықтарды қоғамдық бағалауды ұйымдастыру бойынша қыруар жұмыстар атқарылды.

    Оқулықтарды сараптамадан өткізу барысында 3, 6, 8 сыныптарға арналған оқулықтардың макеттері «Оқулық» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының «Қоғамдық бағалау» порталына орналастырылған болатын. Қоғамдық бағалау порталының іске қосылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілер арқылы таратылып, білім басқармалары мен жоғары оқу орындарына ақпаратты қалың жұртшылыққа жеткізу қажеттілігі туралы xат жіберілді. Нәтижесінде порталға педагогтар мен ата-аналар қауымдастығынан биылғы жылы 4 мыңнан астам ескертулер мен ұсыныстар келіп түсті. Оқулықтарды жетілдіру барысында барлық ескертулер мен ұсыныстар ескерілді.

    3, 6, 8 сыныптарға арналған оқулықтардың мазмұнымен педагогтарды таныстыру мақсатында өткен жылғы қараша айында еліміздің барлық өңірлерінде әдістемелік семинарлар өтті. Аталмыш шараларға оқулықтардың 160 авторлары мен 7 мыңнан астам мұғалімдер мен әдіскерлер қатысты. Кездесулерге қатысушылар оқулықтардың құрылымы мен мазмұны бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін айтып жеткізді.

    Оқулықтардың сапасын арттыру үшін сараптама қорытындысын қарастыру бойынша құрылған пәндік комиссия құрамы 120 адамнан ұлғайтылды. Комиссияға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді. 3, 6, 8 сыныптарға арналған оқулықтар пәндік комиссиялардың екі отырысында қаралды.

    Оқулықтардың лингвистикалық сараптамасы және әлеуметтік қабылдануын қарастыру мақсатында ҚР БҒМ алғаш рет жаңа жұмыс тобын ұйымдастырып, жұмыс тобына оқу литературасының сарапшылары, үздік мұғалімдер мен А.Байтұрсынов атындағы тіл институтының қызметкерлері, журналистер және қоғам өкілдері, жалпы саны 74 адам мүшелік етті. Жұмыс тобының барлық ұсыныстары оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді қорытынды басып шығару барысында ескерілді.

    ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.