Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Демалыс және туризм»Қазақстанның киелі жерлері бойынша туристік нысандар құрылады
    Демалыс және туризм

    Қазақстанның киелі жерлері бойынша туристік нысандар құрылады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа17.07.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстанның киелі жерлері бойынша туристік нысандар құрылады. Бұл туралы бүгін «Ұлы Дала Еліне саяхат: Алтайдан Жібек жолына дейін» атты экспедициясының баспасөз конференциясы кезінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Аталған экспедиция 2018 жылғы 18 шілде мен 29 қыркүйек аралығында 6 бағыт бойынша 6 туристік кластерді қамти отырып, маңызды табиғи нысандарға бару арқылы өткізіледі.

    Туристік бағыттар «Тянь-Шань маржаны» — Алматы облысы; «Алтай — өркениет бесігі» — Шығыс Қазақстан облысы; «Жоңғар Алатауы» — Алматы облысы, «Сарыарқа» — Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстары; «Теңізден теңізге дейін» — Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары; «Жаңа Жібек жолы» — Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары аумақтарын қамтиды.

    «Біз қазақстандықтардың өз туған жерін тануға қызығушылығы артып келе жатқанын байқап жүрміз. Еліміздің табиғаты ерекше — мұнда тау да, жазық дала да, орман да, көл де, өзен де бар. Сондықтан біз Алтайдан Жібек жолына дейінгі аралықты қамтитын экспедицияны ұйымдасытырып жатқанымызды мақтан етеміз. 3 ай ішінде кәсіби мамандардан құралған топ еліміздің ең қызықты жерлерін аралап, олар туралы қазақстандық және шетелдік туристерге баяндайтын болады. Экспедиция сонымен қатар, сол жерлердегі туризмді ары қарай дамыту үшін қажетті инфрақұрылымдық шешімдерді табуға мүмкіндік береді», — деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

    Экспедиция нәтижесінде еліміздің табиғи нысандары туралы жаңа туристік бағыттар, сапалы фото және видеобанктер құрылады. Сонымен қатар, экспедиция барысында қамтылған табиғи нысандар бойынша иллюстрацияланған жолнұсқа жасалатын болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.