Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Венера 22 жастағы Дален Шайжүнісовке тұрмысқа шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Айта кетейік, үйлену тойы Алматыда өтті. Венераның ағасы Нұрәлі Әлиев салтанатты шараның суреттерін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
«Жаңа әдемі жұп», — деп жазды ол жариялаған суретінің сипаттамасына.
Тойға жұлдыздардан Қайрат Нұртас, Геннадий Головкин және тағы басқалары келген.