Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Қазақстанға Қырғызстаннан келген өнімдерде стафилаккок және ішек таяқшалары табылған
    Денсаулық

    Қазақстанға Қырғызстаннан келген өнімдерде стафилаккок және ішек таяқшалары табылған

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.06.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстанға жеткізілген Қырғызстанның өнімдерінде стафилаккок және ішек таяқшалары табылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің баспасөз қызметі.

    Хабарда айтылғандай, «РИХА» өндірген «Испанская» пісірілген-ысталған салями шұжығы сынамаларында ішек таяқшалары тобының бактериялары, ал «Умут и Ко» ЖШҚ өндірген «День и Ночь» шоколад және ақ глазурдағы кілегей эскимосы сынамаларында тамақтан улану тудыратын Staphylococcus aureus анықталды.

    Сонымен қатар, «Эмилия» ЖШС-нің 45% «голландиялық ірімшік» өнімінің сынамаларында ішек таяқшалары тобының бактериялары табылды. Бұл ретте өндіруші «Эмилия» ЖШС жүргізілген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардан, сондай-ақ зертханалық бақылаудан кейін Қазақстанның тұтынушылық нарығына қауіпті өнімді жібермеу туралы кепілдік берген. Алайда бүгінгі күні осы кепілдіктер сақталмай отыр, бұл кәсіпорында тиісті өндірістік бақылаудың өткізілмейтінін, сонымен бірге логистика ережелерінің бұзылғанын көрсетеді.

    Осы өнімдердің барлығы Кеден одағының «Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» 021/2011 КО ТР, «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 034/2013 КО ТР, «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 033/2013 КО ТР және «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімі» 022/2011 КО ТР техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейді.

    Комитет сәйкес келмейтін өнімді алу және жою бойынша шараларды жүргізуде, республиканың барлық аумағында зертханалық бақылауды күшейтуде, сондай-ақ Қырғызстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне аталған жосықсыз өндірушілердің қызметін бақылауға алу туралы хабарлама жіберілді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.