Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Түркістан облысының әкімі болып Ж.Түймебаев тағайындалды
    Жаңалықтар

    Түркістан облысының әкімі болып Ж.Түймебаев тағайындалды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.06.2018Updated:20.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Тарихи сәт. Бүгін кезектен тыс ХХIV сессия өтті. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен  өткен алқалы жиынның күн тәртібіндегі басты мәселе жаңадан құрылған Түркістан облысына әкім тағайындау. Облыстық мәслихат депутаттары Түркістан облысының әкімі болып Жансейіт Түймебаевтың тағайындалуын бірауыздан қолдады.

    «Мемлекет басшысының Жарлығымен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды», — делінген Ақорданың Twitter желісіндегі хабарламасында.

    Естеріңізге сала кетсек, 19 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» заңға қол қойған еді. Жарлыққа сәйкес, Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылып, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшірілді. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы деп қайта аталды.

    Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы дүниеге келді, филология ғылымының кандидаты, профессор. Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің зан факультетін бітірген. 1980-1993 жылдары — Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті. 1993-1994 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы. 1997-1999 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Бас консулы, 1999-2004 жылдары — ҚР Президенті протоколының бастығы, 2004-2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті протоколының бастығы — Қазақстан Респубилкасы Президентінің кеңесшісі. 2006-2007 жылдары — Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. Қазіргі қызметінде 2007 жылдан бастап істейді. Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев 2016 жылдың қазанынан бері бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі қызметін атқарған еді.

    «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы», «Қазақ тілі», «Қазақ тілі: Грамматикалық анықтамалық», т.б. кітаптардың авторы. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.