Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Елордада оңтүстікқазақстандықтардың қолөнер және қылқалам шеберлерінің кешенді көрмесі өтті
    Жаңалықтар

    Елордада оңтүстікқазақстандықтардың қолөнер және қылқалам шеберлерінің кешенді көрмесі өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.06.2018Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Еліміздің бас қаласы Астанада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен Астана қаласының 20 жылдығына арналған Оңтүстік Қазақстан облысының қолөнер және қылқалам шеберлерінің кешенді көрмесі өтті.

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірде жүзеге асырылған жұмыстарының бір жылдық қорытынды көрмесі елордадағы  «Астана» концерт залының  фойесінде  ұйымдастырылды. Мұндағы көрмеге  500-ге жуық жұмыстар қойылып, Астана жұртшылығына таныстырылды.

    Көрмені ұйымдастырудың басты мақсаты құнды жәдігерлерден жасақталған көрме арқылы Оңтүстіктің тарихи шежіресі мен қолөнершілер, фотосуретшілер, мүсіншілер, суретшілердің қылқаламынан туындаған өнер шығармалары, әдеби шығармаларды насихаттау.

    Кешенді көрмеде келушілер назарына Оңтүстік Қазақстан облысының қасиетті, киелі жерлер тізіміне енген тарихи-мәдени орындары, мәдени іс-шараларда түсірілген көркем, анимациялық, деректі фильмдер туралы видео және суреттер, белгілі қылқалам  шеберлерінің шығармалары, қолөнер шеберлерінің жасаған бұйымдары, облыстың көркем жерлері бейнеленген фотосуреттер, сондай-ақ, ақын-жазушылардың кітаптары мен ұлттық киімдер, Астананың көрікті орындары бейнеленген кілемдер, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген азаматтар туралы мәліметтер орналастырылған.

    Астанаға тарту ретінде жасалған көрменің ерекшелігі, көрме -11 экспозициялық бөліктен құралған. Атап айтқанда «Ұлттық киімдер» көрмесі — Бейісбековтер отбасы мен Есімбекова Гүлназияның ұлттық сәндік киімдері мен облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы ұлттық киімдері. «Оңтүстік ғажайыптары» — өңірдің әсем табиғат көріністері мен тұрмыс-тіршілігін, көрікті жерлерін суреттейтін, сондай-ақ, TURKSOY-ға мүше фотосуретшілер мен облысымызға белгілі фотосуретшілердің Қазығұрт, Түркістан, Кентау, Отырар, Қаратау, Сарыағаш, Жетісай, Созақ, Бәйдібек, Түлкібас, Төлеби, Сайрам аудандары мен қалаларында түсірген фотосуреттері. «Оңтүстіктің киелі орындары» — Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жасалған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша қасиетті, киелі жерлердің тізіміне оңтүстіктен енгізілген тарихи-мәдени нысандардың фотосуреттері қойылады. Яғни, кешенді карта, республикалық тізімге енгізілген және жергілікті тізімге енгізілген қасиетті, киелі жерлер.

    Сонымен бірге «Суретшілер,  қолөнер  шеберлерінің туындылары» — облыстық Бейнелеу өнері музейінің бағдарлама аясында жинаған құнды жәдігерлерімен суретшілердің шығармашылық жұмыстары, қолөнершілердің көркем өнер бұйымдары және «Оңтүстіктің ақын-жазушыларының кітап көрмесі» — Оңтүстіктен шыққан елімізге белгілі ақын-жазушылардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шыққан кітаптары мен облыстың табиғаты, өлке тарихына арналған кітаптары мен «Қазақстандағы 100 жаңа есім жобасы» — «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына Оңтүстік Қазақстан облысынан енгізілген азаматтардың фотосуреттері мен өмірбаяндары.

    Сондай-ақ, «Мәдени іс-шаралар көрмесі» — «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста жыл сайын өткізілетін ОҚО әкімінің 12 іс-шарасының орындалған 5 іс-шарасынан фото суреттер және «Оңтүстікте түсірілген фильмдердің көрмесі» — «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста түсірілген көркем, анимациялық, деректі фильмдер.

    Бұдан бөлек, «Елорда – Астана қаласының 20 жылдығы» — елорданың 20 жылдығына арнап тоқылған, қаланың көрікті жерлері бейнеленген кілемдер мен «Туған жер» бағдарламасы — шеңберінде облысқа кәсіпкерлік жағынан қолдау көрсетіп жүрген азаматтарға арналған көрме болса, соңғысы «Бағдарлама аясында жүзеге асырылатын жобалардың көрмесі» — Түркістан, Отырар, Ордабасы, Қазығұрт, Шымкент қалаларында салынуы жоспарланған, сәулет және қала құрылысы басқармасының сәулетшілері орындаған жобалар мен макеттер.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.