Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жеңіс Қасымбек пойыз апатына байланысты пікір білдірді
    Жаңалықтар

    Жеңіс Қасымбек пойыз апатына байланысты пікір білдірді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пойыз апатына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Комиссияның басшылығы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Таңертеңнен бері эксперименттік шаралар жүргізілді. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі нұсқалдар сөз болып жатыр. Осы орайда бүгінгі эксперимент барысында пойыздардың жанама соқтығысуы алдын ала расталмады. Қазіргі кезде барлық себептер зерделенуде», — деп тоқталды ведомство басшысы.

    Сонымен қатар министр теміржол бойындағы қозғалыс қалпына келтірілгенін еске салып өтті. Ж. Қасымбектің атап өтуінше, пойыз апатының мән-жайына қатысты және өзге сұрақтарға байланысты арнайы баспасөз мәслихаты өтеді.

    «Зардап шеккендер мен қаза болған адамға қатысты өтемақы бойынша шешім ҚТЖ-мен бірлесе жасалады. Жалпы, тексеру шаралары тиісті уақытты қажет етеді», — деді Жеңіс Қасымбек. Мұнымен қоса ол комиссия өкілдері пойыз машинисінің іс-қимылдарына да баға беретінін жеткізді.

    «Кез келген көлік құралы, яғни теміржол жолаушылар құрамы міндетті түрде қажетті жөндеу жұмыстарымен және басқа да шаралармен қамтылады. Атап айтқанда, бұл талаптар қатаң түрде орындалады. Егер де пойыз жолға шықса, онда осы көлік техникалық тұрғыда дұрыс болғанын білдіреді», — деді Ж. Қасымбек.

    Еске сала кетсек, Жамбыл облысында Астанадан Алматыға бара жатқан жолаушылар пойызы апатқа ұшыраған болатын.

    Сәл кейінірек «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Астана-Алматы» бағытында қатынайтын пойыздың апатқа ұшырауына қатысты ресми мәлімдеме жасап, оқиғаның шығу себебін тексеретін арнайы комииссия құрылғанын жария еткен еді.

    Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінің дерегі бойынша, түрлі жарақаттармен Шу аудандық орталық ауруханасына 14 жолаушы жеткізілді.

    Қазір емдеу мекемесінде 48 жастағы Астана тұрғынынан басқасы өз еріктерімен ауруханадан шыққан. Зардап шеккен Астана тұрғынының екі аяғы сынып, ем қабылдап жатыр, деп түсіндірді өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Сәуле Мұнатаева.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.