Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Нұрлы жер» бағдарламасын мемлекеттік етіп қайта бекітуді ұсынды
    Жаңалықтар

    «Нұрлы жер» бағдарламасын мемлекеттік етіп қайта бекітуді ұсынды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мемлекеттік жоспарлау жүйесі бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама ретінде қайта бекітіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Роман Скляр мәлімдеді.

    Оның айтуынша, Мемлекеттік бағдарлама жобасы Үкіметке енгізілген. Жобада Мемлекет басшысының «Бес әлеуметтік бастамасы» атты Қазақстан халқына үндеуін іске асыру үшін нормалар көзделген.

    «2019 жылдан бастап, жыл сайынғы сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысын қаржыландыруды 10 млрд. теңгеге дейін арттыру ұсынылады. Ол әлеуметтік үймен жыл сайын шамамен тағы 1 мың азаматты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құрылыс көлемін арттыруда құрылыс алаңдарын инженерлік желілермен қамтамасыз ету үшін қаржыландыруды 20 млрд. теңгеге арттыру көзделеді»,-деп атап өтті Роман Скляр.

    Мұндағы өзгерісте мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар үшін өз қызметкерлерін қолдау нормалары көзделді. Аталған ұйымдар өз қызметкерлеріне тұрғын үй ссудаларын бастапқы жарна ретінде бере алатын болады. Бұл мұғалімдер, дәрігерлер және мемлекеттік қызметкерлер үшін тұрғын үй проблемаларын шешуде үлкен көмек болады.

    «Енгізіліп жатқан өзгерістер аясында жеке құрылыс салушылардың бағдарламаға белсенді қатысулары үшін әкімдіктерге салынған үйлерді сатып алу құқығы беріледі. Кредиттік үйлерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары ғана емес, сонымен қатар Екінші деңгейлі банк салымшылары да ала алады. Бұл талаптар, әкімдіктер салып жатқан үйлердің қолжетімді бағалық параметрлеріне байланысты «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының дамуына үлкен серпін береді»,-деді Бірінші вице-министр.

    Қабылданатын нормалар тұрғын үйді пайдалануға беру қарқынын 8%-ға немесе жылына 8 мыңнан астам баспана құрылысына жеткізеді. Ол дегеніміз 2030 жылға дейін бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілуі көрсеткішін 30 шаршы метрге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

    Биылғы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша республикада статистикалық деректерге сәйкес қаржыландырудың барлық көздерінен 4,6 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға артық. 40,3 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартты, оның ішінде 2 мыңға жуық отбасы мемлекет қаржысы есебінен баспаналы болды. Осы салаға жұмсалған инвестициялар өткен жылдың сәйкес кезеңімен (285,8 млрд. тенге) салыстырғанда 29,9%-ға артып, 391 миллиардтан астам теңгеге жетті.

    Дереккөз: ҚазТАГ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.