Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Ұлттық бірыңғай тест-2018: Тест сұрақтары 50 пайызға жаңарды
    Білім

    Ұлттық бірыңғай тест-2018: Тест сұрақтары 50 пайызға жаңарды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    2018 жылға арналған Ұлттық бірыңғай тесті сұрақтары 50 пайызға жаңарды. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Ағымдағы жылы ҰБТ 15-ші рет өтейін деп отыр. Осы уақыт аралығында шамамен 1,5 млн түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Қазіргі уақытта 2018 жылдың ҰБТ-сына дайындық штаттық режімде жүргізіліп жатыр. Барлық аудитория дайын. Өздеріңіз де білетіндей, биыл оның форматы өзгермейді. Үш міндетті пән болады: Қазақстан тарихынан 20, сауатты оқудан 20, математикалық сауаттылықтан 20 және таңдап алынған 2 пәннен 30 сұрақтан»,- деді ол.

    Орталық басшысының айтуынша, бүгінде республикалық апелляциялық комиссияның мүшелері іріктеп алынған. Оған 54 адам кіріп отыр.

    «Апелляция тетігі де сақталады, ешқандай өзгеріс жоқ. Яғни, ҰБТ тапсырған түлек келесі күні сағат 13:00-ге дейін дау тудырған сауалға байланысты жергілікті апелляциялық комиссияға өтінім бере алады. Одан кейін егер жергілікті комиссия дауласуға себеп бар деп шешетін болса, онда материалдарды республикалық комиссияға береді», — деді орталық басшысы.

    Оның дерегінше, өткен жылы 198 апелляциялық шағым түссе, оның 50 пайызы техникалық мәселелерге қатысты болған. Мазмұнына қатысты 98 мәселе көтеріліп, қанағаттандырылған.

    «Өткен жылы ҰБТ-ның тест тапсырмалары 40 мың болса, соның 98 сұрағы, яғни 0,02 пайызы ғана дау тудырды. Әлемдік тәжірибеде 1 пайызға дейін қалыпты болып есептеледі. Біз бұл дұрыс көрсеткіш деп санаймыз. Ағымдағы жылы тест сұрақтарының базасы 50 пайызға жаңарды және биылғы ҰБТ-да 80 мың сұрақ болады», — деді ол.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.