Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Кселл» Бұқтырма су қоймасындағы барлық демалыс орындарын мобильді интернетпен қамтамасыз етті
    Жаңалықтар

    «Кселл» Бұқтырма су қоймасындағы барлық демалыс орындарын мобильді интернетпен қамтамасыз етті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.06.2018Updated:20.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Кселл» компаниясы Бұқтырма су қоймасының маңында 3G және 4G / LTE қолдайтын базалық станциялар орнатты. Ғаламтормен барлық негізгі демалыс орны қамтылды. Енді компания абоненттері жазда жоғары жылдамдықты мобильді интернетті пайдалана алады. Барлығы 6 жаңа станция орнатылды. Төртінші буын Интернеті «Голубой залив» және «Айна» демалыс орындарының маңында қол жетімді болды. Үшінші буын Интернеті «Мохнатка», «Аюда» және Жаңа Бұқтырма ауылдарында пайдалануға болады.

    «Осы аймақта мобильді интернетті қамту процесінің өз ерекшелігі бар. Жолсыз және соқпақсыз таулы өлке жұмысымызды біраз қиындатты. Бір базалық станцияны орнату үшін, мамандарымызға барлық қажетті материалды тауға жаяу көтеріп шығаруларына тура келді. Мысалы, станцияға арналған бір аккумулятордың салмағы 40 кг, ал мұндай батареяның сегізі орнатылуы керек. Станция тетіктерінен басқа, тұғыр дайындауға қажетті – су, цемент, құм, қиыршық тас тәрізді құрылыс материалын да қолмен тасуға туралы келді» — деді Өскемен қаласындағы «Кселл» АҚ филиалының жетекшісі Динара Байскакова.

    Бұқтырма Қазақстанда ең ірі су қоймасы болып саналады және әлемдегі ең ірі жасанды су қоймасының бірі. Бұл Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөлден кейінгі екінші ең танымал курорт. 2017 жылы Бұқтырма су қоймасына туристер ағымы 64 мың адамнан* асты, бұл 2016 жылға қарағанда 41% артық. Су қоймасы мен ондағы демалыс орталығы Қазақстан азаматтары арасында да, ресейліктердің арасында да танымал.

    «Біз 4G / LTE басымдық бере отырып мобильді интернетпен кеңірек қамту жұмыстарын жалғастырудамыз. Төртінші буын желі іске қосылғаннан бері біздің компания 50%-дан астам қазақстандық тұрып жатқан 24 қала мен елді-мекенге ғаламтор жеткізді. Өткен жылы, ШҚО-да 4G жоғары жылдамдықты Интернетке Риддер, Зырян және Шемонаиха тұрғындары қол жеткізді. Биылғы жылы компания Аягөзде 4G іске қосуды жоспарлап отыр. Біз осы жылы туристік маусым кезінде, қазақстандықтар мен еліміздің қонақтары арасында ең танымал және белгілі демалыс орнының бірін мобильді интернетпен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болғанымыз үшін қуаныштымыз. Бұқтырма су қоймасына келетін туристер ағымы жыл сайын өсіп келеді, бұл таңқаларлық емес, өйткені Шығыс Қазақстан өзінің табиғи сұлу жерлерімен танымал. Біз абоненттерімізге Қазақстанның басқа өңірлерінен және басқа елдерден туристерді тарту үшін әлеуметтік желі және мессенджер арқылы осы тамаша өлкеден бейне және сурет жіберіп, өз әсерлерімен және эмоцияларымен бөлісулерін қалаймыз», — деді «Кселл» АҚ коммуникация департаментінің жетекшісі Наталья Еськова.

    *  ҚР статистика комитетінің дерегі бойынша (өздігінен ұйымдастырылған туризмді есепке алмағанда)

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.