Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Шымкен сити» қалашығында ақылды үйлер бой көтермек
    Жаңалықтар

    «Шымкен сити» қалашығында ақылды үйлер бой көтермек

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жуырда ғана Республикалық маңызы бар қала статусына ие болған Шымкент шаһарында енді замануи үлгідегі көпқабатты тұрғын  үйлер бой көтермек. Яғни, «Шымкент сити» қалашығында биылғы жылдан бастап әлемге әйгілі  «Highvill» компаниясы 18 қабатқа дейінгі ақылды үйлер құрылысын жүргізетін болады.  Бұл мақсатқа Кореялық алпауыт компания тарапынан 157 миллиярд тенге инвестиция тартылса, құрылыс алаңына қалашықтан  51 гектар жер телімі  бөлінген.  Міне осындай ауқымды жобаны жүзеге асыру бойынша бүгін құрылыс компаниясы мен  «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы және қала әкімдігі арасында бірлескен үш жақты меморандумға қол қойылды.

    «Шымкент сити»  қалашығы  қаланың солтүстік аймағында яғни  Бәйдібек би ескерткішінің маңында орналасқан  он екі орамнан тұратын тұрғын үй кешені. Еліміздегі үшінші мегаполис статусына ие шаһарымызда жүзеге асырылып жатқан жобаға сәйкес бұл аймақта болашақта көптеген нысандар бой көтереді деп жоспарланған болатын. Айталық шағын және орта кәсіпкерлік нысандарынан бастап, сауда-саттық, ойын-сауық орталықтары, емхана мен гүзарлар  және демалыс аймақтары салынады. Сондай ақ әрбір орамға мектептер мен балабақшалар, түрлі санаттағы тұрғын үйлер салу да қарастырылған. Міне осындай ауқымды жобаға байланысты жүргізілген ұзақ мерзімді келіссөздер нәтижесінде әлемге әйгілі «Highvill» компаниясы  «Шымкент сити» қалашығынан жоғары класты тұрғын үйлер құрылысын жүргізуге ниет танытып отыр.

    Кореялық «Highvill» алпауыт  құрылыс компаниясы 1989 жылы құрылған. Ал, Қазақстандық құрылыс нарығында 2004 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан мекеме Елордамыз Астана қаласында  ақылды технологиямен көптеген тұрғын үйлердің құрылысын жүргізген. Ал, сапалы қызметтері үшін көптеген марапаттарға ие болған  бұл ұжым  Корея Республикасында үздік тұрғын үй  компаниясы деп танылған. Ендігі жерде «Шымкент сити» қалашығынан да 2 қабаттан бастап 18 қабатқа дейінгі ақылды үйлер құрылысын жүргізуді жоспарлап отырған компания бұл жобаға 157 миллиярд тенге инвестиция салып отыр. Ал, тиісті құрылыс жұмыстары үшін  51 гектар дан астам жер бөлінсе, жобаның жүзеге асырылу барысы 10 жылды құрайды.

     Тұрғын үй құрылыстарын салуда ыңғайлылық пен инновацияға басымдық беретін «Highvill» компаниясы «Шымкент сити» аумағындағы ауқымды жобаның жүзеге асырылу барысында жалпы саны 5 мың 500 пәтерді пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Міне осындай ауқымды жобаны жүзеге асыру бойынша бүгін құрылыс компаниясы мен  «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы  және қала әкімдігі арасында бірлескен үш жақты меморандумға қол қойылды.

    Үшжақты меморандум нәтижесінде алдағы екі ай көлемінде «Шымкент сити» қалашығында  заманауи үлгідегі ақылды тұрғын үйлер құрылысы жүргізіле бастайды. Ал, бұл жобаға   инвестор есебінен  бағытталғалы  отырған қаржы  Шымкент қаласына тартылған ең үлкен көлемдегі инвестиция болып табылады.

    Абай ОМАР.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.