Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ұлттық Банк шілдеден бастап «7-20-25» бағдарламасын іске асыруға кіріседі
    Жаңалықтар

    Ұлттық Банк шілдеден бастап «7-20-25» бағдарламасын іске асыруға кіріседі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    2018 жылдың екінші жартысынан бастап «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев Парламент Сенаты отырысынан кейін кулуарда мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

    «7-20-25» бағдарламасын мамырдан бастап іске қосамыз деп ешкім уәде берген жоқ. Үнемі сұрақтар қоясыздар да, содан кейін «неліктен мамырда іске қосылмады?» — дейсіздер. Ешкім уәде берген жоқ. Ұлттық Банктің бір де бір ресми өкілі бұл туралы мүлдем айтпады. 2018 жылдың екінші жартысында бағдарламаны бастап кету үшін біз мамыр айында қажетті құжатардың бәрін қабылдауға дайынбыз деген болатынбыз», — деді Ұлттық Банк төрағасы.

    Ол бағдарламаны сәтті іске қосуға валютаны реттеу туралы заң жобасында айтылған толықтырулар қажет екенін, құжат Сенат депутаттарының қарауында жатқанын айта кетті. Оның айтуынша, бұл толықтыруларсыз «7-20-25» бағдарламасын іске қосу күрделі болмақ.

    «Ұлттық Банкте бар құзырет бойынша «7-20-25» бағдарламасын қабылдап, «Баспана» ипотекалық ұйымын құрдық. Қазір әділет органдарынан тіркеуден өтуде және менеджменті құрылып жатыр. Егер мен айтқан шарттардың бәрін орындасақ онда 2018 жылдың екінші жартысында бағдарламаны жүзеге асыруға кірісеміз», — деді ол.

    Ақышев қаржы секторының өкілдерімен көптеген кездесу өткізгенін, соған сәйкес бағдарламаға қатысқысы келетін адамдар екінші деңгейлі банктерге жүгінетін болады деп атап өтті.

    «Екінші деңгейлі банктер мен Ұлттық Банк негізінде ойлайтын болсақ проблема көріп тұрған жоқпыз. Осы бағдарламаны сәтті іске қосып әрі қарай жұмыс істеу үшін барлық нормаларды қоса алғанда нормативтік жағдайды жақсартуға тиіспіз. Алғашқы нәтижені сол кезде айтайық», — деді Ақышев.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.