Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Дариға Назарбаева Ұлыбритания елшісімен кездесті
    Жаңалықтар

    Дариға Назарбаева Ұлыбритания елшісімен кездесті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Ұлыбритания елшісі Майкл Гиффордты қабылдады.

    Дариға Назарбаева Астанадағы дипломатиялық миссияның басталуымен Майкл Гиффордты құттықтады және оның кәсіби тәжірибесі біздің елдердің арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді, деп хабарлайды  bnews.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Жүздесушілер Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның Сингапурда болған кездесуі және Корей түбегін қарусыздандыру мәселелерінің шешілуі туралы пікір алмасты. Дариға Назарбаеваның пікірінше, АҚШ пен КХДР басшылары арасындағы келіссөздерге үміт артуға болады.

    Сенат комитетінің төрағасы Қазақстан мен Британия арасындағы достық және сенімді қатынастарды жоғары бағалап, Ұлыбританияның Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі екенін атап өтті. Ауқымды сауда- экономикалық, қаржы және инвестициялық ынтымақтастық орнатылды. Дариға Назарбаева «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуына байланысты британ банкілері мен қаржы институттарының алдында ашылатын зор мүмкіндіктерге назар аударды.

    Тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады. Дариға Назарбаева білім, ғылым және жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың нәтижелі сипатын ризашылықпен атап өтті. Сенатор Британ кеңесі мен еліміздің Білім және ғылым министрлігін бірлескен жобаларды іске асыруға жәрдемдесуге шақырды.

    Әңгіме барысында екі елдің заң шығару органдарында жұмыс істейтін достық топтары зор рөл атқаратын парламентаралық үнқатысудың маңыздылығы атап өтілді. Дариға Назарбаева атап өткендей, британ депутаттарының қазақстандық әріптестерімен байланыстары Қазақстан мен Ұлыбританияның парламенттері арасындағы байланыстарды кеңейту мен тереңдетуде шешуші ықпалы болуы тиіс.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.