Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда ұялы телефондарды тіркеу ережелері өзгерді
    Жаңалықтар

    Қазақстанда ұялы телефондарды тіркеу ережелері өзгерді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ұялы абоненттік құрылғыларды тіркеу ережесі Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» Заңының 8-бабының 1-тармағының 8-8-тармақшасына сәйкес әзірленді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

    Тіркеу ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына шығарылатын немесе импортталған ұялы байланыс абоненттік құрылғылары қолданылады.

    Абоненттер үшін ұялы байланыс құралын тіркеу тапсырыс берілгеннен кейін, жеке тұлғаларға 4 сағат және заңды тұлғалар үшін 8 сағат ішінде ақысыз түрде жүзеге асырылады.

    Он төрт жастан он сегіз жас аралығындағы кәмелет жасқа толмаған тұлғалардың ұялы байланыс құрылғысын тіркеу олардың заңды өкілдерінің немесе ата-аналарының келісімімен, он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін заңды өкілдері немесе ата-аналары тарапынан жүзеге асырылады.

    Абоненттің ұялы байланыс құрылғысын тіркеу немесе қайта тіркеу үшін оның иесі автоматтық қызмет көрсету жүйесі арқылы немесе ұялы байланыс операторының кеңсесіне хабарласу арқылы келесі деректерді ұсынуы қажет:
    1) ЖСН (жеке тұлға үшін) немесе БСН (заңды тұлға үшін);
    2) ұялы байланыс абоненттік бөлімінің сәйкестендіру коды;
    3) тіркелетін ұялы байланыс құрылғысында пайдаланылатын абоненттік нөмірлер.

    Ұялы телефондардың пайдаланушылары өз құрылғыларын 2018 жылдың соңына дейін тіркеуі қажет, өйткені 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелмеген абоненттік ұялы байланыс телефондары байланыс қызметтерін ала алмайды.

    Ұялы телефондарды тіркеу үшін абоненттер ұялы байланыс операторларының абоненттік бөлімшелеріне барудың қажеті жоқ. Абоненттер онлайн немесе SMS арқылы тіркеле алады (ұялы байланыс операторларының интернет-ресурсы және SMS, USSD және т.б.) арқылы.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.