«Астананың 20 жылдығына – 20 нысан» акциясының аясында қаламызда «Африка» зоологиялық аймағы пайдалануға берілді. Салтанатты жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған зиялы қауым өкілдері қатысып, жаңадан ашылған нысандарды аралап көрді. Ірі мегаполистің тамаша зообағымен танысқан өңір басшысы атқарылған іске оң бағасын берді. Жаңарған, жасарған қаланың келбетін көріп, келушілер де өз ыстық лебіздерін жеткізді.