Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Бас прокуратуратура заңды сақтауға шақырады
    Жаңалықтар

    Бас прокуратуратура заңды сақтауға шақырады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бас прокуратурамен әлеуметтік желіде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының арандату хабарламалары мен бейнероликтерінің тарағаны анықталды.

    Онда аталған ұйымның басшысы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары Қазақстан азаматтарын 2018 жылғы 23 маусымда митингтерге шығуға шақырады.

    «ДВК-ның» идеялары мен митингтерді үгіттеу үшін Әбілязовқа шетелде қазақстандық сот төрелігінен жасырынып жүрген Жанар Ахметова, Бота Джардемали және басқа адамдар көмектесуде.

    Олардың іс жүзіндегі мақсаты – қылмыстық қудалауды саясаттандырып, Қазақстанда ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін жауаптылықтан жалтару.

    Жарияланған бейнероликтерді түсіру үшін Әбілязовтың ақшасына Киев қаласында жарнамалық агенттік және азияттық келбеті бар кәсіби актерлар мен модельдер жалға алынған.

    Негізінде олар Қазақстан Республикасының азаматтары емес.

    Бейнероликтердің мазмұны шындыққа жанаспайды және қазақстандық қоғамда әлеуметтік алауыздық пен араздықты тудыруға бағытталған.

    Үстіміздегі жылдың 12 маусымында «Ютуб» каналында «Мұғалімдер Әбілязовтың митингісіне шығады» деген бейнероликте «қазақстандық жас мұғалім» рөлін Киев қаласында таңдалған актриса ойнаған.

    «Ютубтың» басқа бейнематериалында, Қазақстанда жұмыс істейді деген және халықты  23 маусымда митингке шығуға шакырған жас жігіт — Әбілязовтың туған жиені Айдар Амангельдиев болып табылады. Ол Қазақстаннан 2009 жылы көшіп кеткен.

    Қазіргі уақытта ол Шотландияның қымбат университеттерінің бірі — «Глазгоу Каледонианың» студенті. Бұл университетте жыл сайынғы оқып тұру төлемақысы 20 мың стерлинг фунтты немесе 9 млн теңгені құрайды.

    Сотпен 2018 жылғы 13 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында  «ДВК-ның» іс-әрекетіне тыйым салынғанын естеріңізге саламыз.

    Бас прокуратура «ДВК-ның» экстремистік әрекетіне кез-келген қатысу және оны қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258 және 405-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын қайталап түсіндіреді.

    Митингтерге қатысуға шақыру үгеттеулері «Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңның ережелерін бұзады.

    Ашық акцияларды өткізу үшін 10 күн бұрын тиісті арыз бере отырып, жергілікті атқарушы органның рұқсатын алу қажет.

    Бүгінгі таңда әкімдіктерге үстіміздегі жылдың 23 маусымында митинг өткізу туралы арыздар түспеген.

    Осыған байланысты, митингтер заңсыз болып табылады, оларды ұйымдастыру мен оған қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 488-бабына сәйкес жауаптылық, оның ішінде 15 тәулікке қамауға алу көзделген.

    «Прокуратура туралы» Заңмен көзделген өкілеттіктерді пайдаланып, барлық  азаматтарды заңдылықты және қолданыстағы қазақстандық заңнаманың талаптарын қатаң сақтауға, арандатушылыққа және құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырамыз.

    Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.