Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модимен кездесті
    Жаңалықтар

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модимен кездесті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанына тоқталып, Үндістан Премьер-Министрін елдерінің Шанхай ынтымақтастық ұйымына толық құқылы мүше болуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

    Нұрсұлтан Назарбаев осы мәселеге байланысты Қазақстанның Үндістанды әуел бастан толық қолдағанын айтты.

    – Былтыр бізге қолдау көрсетіп, Астанада өткен халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне келгеніңіз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Сол арқылы бұл шараға халықаралық деңгейде назар аударылуына септігіңізді тигіздіңіз, – деді Қазақстан Президенті.

    Мемлекет басшысы қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру нәтижесінде былтырдың өзінде Қазақстан мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 53 пайызға артып, 1 миллиард долларға жеткенін атап өтті.

    – Қазіргі уақытта елдеріміз арасында ғарыш, фармацевтика саласындағы, әскери-техникалық сектордағы және басқа да салалардағы ынтымақтастық белсенді дамып келеді.  Бізге осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру керек, – деді Қазақстан Президенті.

    Үндістан Премьер-Министрі Үндістан өкілінің Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықаралық сотының құрамына сайлануына қолдау көрсеткені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы көп жақты ынтымақтастықтың табысты дамып, нығайып келе жатқанына тоқталды.

    – Сізді Қазақстанның елордасы – Астана қаласының 20 жылдығымен құттықтаймын және «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуына байланысты ізгі ниетімді білдіремін, – деді Үндістан Премьер-Министрі.

    Кездесу соңында Нарендра Моди Қазақстанның Үндістан үшін Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктестерінің бірі саналатынына тоқталып, Үндістанның «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыруға мүдделілік танытып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, Үндістан Премьер-Министрі Қазақстанның Халықаралық Күн альянсына қосылуына өтініш білдірді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.