• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Желтоқсан 31, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Дархан Кәлетаев имамдармен бірлесе атқаратын жұмыстың алты бағытын атады

08.06.2018
0

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев жұмыс сапармен Ақтөбе облысына барды.

Сапар аясында министр алдымен облыс орталығынан 220 шақырым қашықтықта орналасқан Темір ауданына қарасты Кеңқияқ, Шұбарши ауылдарына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Онда Дархан Кәлетаев діни саладағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын түсіндіріп, халықпен пікір алмасты.

Кездесу барысында министр дін саласындағы заңнамада бет-әлпетті жабуға тыйым салудың не себепті енгізіліп отырғанын айтты.

«Бет-әлпетті жабу — қазақ халқына жат. Бұл тарихымызда да, мәдениетімізде де болмаған. Сондықтан әйелдердің бет-әлпетін жабуын заңды түрде тыйым салып отырмыз. Бұл тұрғыда қоғамда дұрыс пікір бар, көпшілігі қолдап отыр», — деді Д. Кәлетаев. Сонымен қатар Дін істері және азаматтық қоғам министрі мектепте орамал тағу мәселесіне орай өз пікірін білдіріп, мектептің талабын ұстану қажеттігін баса айтты.

Дархан Кәлетаевтың айтуынша, осындай талаппен қатар, оның альтернативті жолы да бар. Оның бірі — қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып үйде оқыту. Министр бұл мәселе бойынша Білім және ғылым министрімен пікірлесіп жатқанын және бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатқанын атады.

Ақтөбе өңіріне сапар барысында министр Темір ауданының орталығында аудан активімен және ардагерлермен, теолог-имамдармен, сонымен қатар аудандық терроризмге қарсы комиссия мүшелерімен кездесті.

Түстен кейін Дін істері және азаматтық қоғам министрі Алға ауданындағы Бестамақ ауылында болып, Ақтөбе облысындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдарымен кездесті.

Министр өз сөзінде «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға толықтырулар енгізу қажеттілігін уақыттың өзі көрсетіп отырғанын айтты. «Кейбір топтардың осы заңнама жобасын «ислам дінінің мүдделеріне қайшы келеді, мұсылмандарға қарсы бағытталған» деген жалған мәлімет таратып жүргенін де жасыруға болмайды. Бұл мәліметтер мүлде негізсіз», — деп мәлідеді Д.Кәлетаев.

Осы ретте, министр имамдарды заңнама жобасына барынша қолдау білдіріп, аталған заң жобасының пайдасын, артықшылықтарын халыққа толықтай түсіндіруге атсалысуға шақырды.

Дархан Кәлетаев дін саласында имамдармен бірлесе атқаратын жұмыстың негізгі алты бағытына тоқталып өтті. Олар: теріс діни ағымдардың қызметіне тосқауыл қою; деструктивті діни ағымдармен жұмыс жүргізетін имамдар мен теологтардың білімі мен білігін көтеру; діни экстремизм мен радикализм идеялары таралуының алдын алуға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына тұрғындарды кеңінен қамту; жастардың бойында радикалдық идеяларға қарсы нөлдік иммунитетті қалыптастыру; мешіт имамдарының уағызын «Уағыз айтудың бірыңғай тәртібінде» бекітілген қағидат бойынша жүзеге асыру; «Мешіттердің ішкі тәртіп ережесін» жетілдіру.

Дархан Кәлетаев деструктивті діни ағымдармен жұмыс жүргізетін имамдар мен теологтардың білімі мен білігін көтеруде Діни басқарманың Ақтөбе облысындағы уәкілдігіне жергілікті имамдар мен теологтардың резервін қалыптастыруды ұсынды. Қалыптасқан резерв бойынша «Нұр-Мүбарак» университетіне біліктілікті көтеруге имамдар мен теологтар жіберіліп отыратын болады.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Темір ауданының орталығындағы «Досжан ишан» мешітінің және Алға ауданындағы «Ақтөбе медресе» колледжінің жұмысымен танысты.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.