• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 13, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ташкенттегі форумда Арал теңізінің ұлтанына сексеуіл егу мәселесі талқыланды

07.06.2018
0

ЖаҺандық жылынудың әсерінен 2050 жылға қарай ағын суға деген тапшылық 30 пайызға дейін артады.

Бұл туралы Ташкентте өтіп жатқан Орталық Азия халықаралық экологиялық форумында айтылды. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған жиынға бауырлас 5 мемлекетпен қатар Ауғанстан да қосылды. Әлемнің басқа де елдерінен жиналған экологтар ғаламдық және аймақтық проблемаларды бірлесіп шешу жағын талқылады. Форум жалпы 3 күнге созылады.

Ташкентте жиналған экологтар қоршаған ортаны қорғау мен оны орнықты дамыту жайын ортаға салды. Табиғи тепе-теңдікті сақтау мен жаңартылған энергия көздерін өндіру және қатты тұрмыстық қалдықтарды жою күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып қала бермек.

Өйткені ғалымдардың келтірген мәліметіне сүйенсек әлемде бір ғана пластик ыдыстардың қалдығы 300 мың тоннадан асып жығылады екен. Полиэтилен пакетін күннің көзі де шіріте алмайды. Сондықтан шашылған пластик ыдыстардан терең өңдеу арқылы ғана құтылуға болады екен.

Зулфухар Жолдасов, ҚР экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

— Қалдықтарды қайта өңдеуді 40 пайызға жеткізу жөніндегі жөнді жобамыз бар. Қазір тіпті сол қалдықтарды жерге көмуге тыйым салуға байланысты экологиялық кодексте бірқатар өзгерістер енгізілді. Белгілі бір тауарлар импортталған кезде мысалы, көлік пен доңғалақтар тағы басқа тауарларға төлем міндеттемелерін кеңейту сынды жеңілдіктер қарастырылған. Бұл қаржы қайта өндіру саласын ынталандыруға жұмсалады. Соның арқасында қазіргі таңда көптеген компаниялар осы іспен шұғылданады.

Форумда Орталық Азиядағы 5 мемлекет өзара ортақ өзен суларын тиімді пайдалану мәселесін де қарады. Өйткені бауырлас елдердегі 55 миллонға жуық халық егіншілікпен айналысады. Қазірдің өзінде егістік алқаптардың 90 пайызы жасанды жолмен суарылады екен. Қатар келіп жатқан құрғақшылық пен климаттың өзгеруінен 2050 жылы ағын суға деген сұраныс 30 пайызға артады. Сондықтан заманауи технологияны көбірек ендіріп, суды барынша үнемдемесек, қуаңшылыққа ұрынуымыз әбден мүмкін. Экологтар осылай дейді.

Шах Заман Майванди, Ауғанстанның қоршаған ортаны қорғау агенттігінің бас директоры:

— Климаттың жаһандық өзгерісі, құрғақшылық пен ыстық ауа райы фермерлерге кері әсер етіп отыр. Жерлеріміз таулы болғандықтан аптапты ыстықта су болмаса, көкөніс қурап кетеді. Сондықтан біз суды үнемдеуді білеміз. Негізі экономиканы экологиядан бөліп қарамауымыз керек. Сонда ғана тепе-теңдік болады.

Алқалы жиында көтерілген келелі мәселенің бірі Арал жағдайы болды. Бұл ретте Қазақстан кіші теңізді толтырып, балығын тулатып отырғаны да айтылды. Оған қоса еліміздің теңіз ұлтанындағы тұздың тарауына тосқауыл болатын сексеуілді қолдан егу мәселесін де қолдады. Биыл ғаламдық экологиялық қор 5 мемлекетке 2 миллиард АҚШ долларын бөліп отыр. Ол қаржы аймақтық жерді тиімді пайдалану мен жерді тозудан сақтауға жұмсалмақ. Ал Қазақстанның жасыл экономикаға өтуі өз алдына бөлек әңгіме болды.

Құралай Кәрібаева, экология және орнықты даму институтының директоры:

— Бүкіл мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен халықаралық ұйымдар және донорлар бірлесе отырып іс жүргізгенде ғана, еңбектің нәтижесін көруге болатынына көз жеткізді. Сондықтан Қазақстан бүкіл Орталық Азия ішінде осы мәселеде көшбасшы болып саналады.

Форум аясында «Жасыл экологиялық технологиялар» мамандандырылған көрмесі ашылды. Оған әлемнің бірнеше елінен жетекші компаниялар мен кәсіпорындар қатысып,өздері өндірген болашақтың энергия көздерін көрсетті.

Дереккөз: 24.kz.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ

Айғақ медиа
12.11.2025
0

«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.