Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Елбасы Рим Папасы Френсисді Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне Астанаға шақырды
    Жаңалықтар

    Елбасы Рим Папасы Френсисді Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне Астанаға шақырды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.06.2018Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы жылдың күзінде Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне қатысу үшін Рим Папасына шақырту берді, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

    Хабарда айтылғандай, Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ватиканда және Италияда сапарда болды. Қ. Тоқаев Ватиканда Киелі Тақтың Мемлекеттік хатшысы Пьетро Паролинмен кездесіп, халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша келіссөз жүргізді. Сенат Төрағасы Қазақстан мен Ватикан арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған 26 жылда жоғары деңгейдегі өзара толық түсіністік пен сенімге негізделген сындарлы ынтымақтастық қалыптасқанын атап өтті. Рим Папасы Иоанн Павел ІІ-нің 2001 жылы Астанаға сапары тарихи оқиға болды. Қ.Тоқаевтың айтуынша, бұл сапар қазақстандықтардың әлі есінде, көптеген ұлттар мен конфессиялардың, оның ішінде католик дінінің өкілдері үшін туған жерге айналған біздің еліміздің ішкі және сыртқы саясатына жоғары баға ретінде санайды. Жүздесушілер жаһандық қауіпсіздікті нығайту және діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы үнқатысуды жалғастыруға екі мемлекеттің ұстанымдарының жақындығын атап өтті. Қ. Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі туралы Мемлекеттік хатшыны хабардар етті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен шақырылған бұл форум ірі конфессиялардың өкілдері, мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары және белгілі саясаткерлер бас қосатын әрі жаһандық сын-қатерлерге бірлесіп жауап іздеуге арналған ерекше алаң болып табылады. Биылғы 10-11 қазанда Астанада «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем жолында» тақырыбы бойынша Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI кезекті съезі өтеді. Қ.Тоқаев Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Рим Папасы Францискке арналған алдағы форумға қатысуға шақыруды Ватиканның Мемлекеттік хатшысына табыс етті. Қазақстан астанасына келуге және Съезге қатысуға шақыру кардинал Пьетро Паролинге де берілді. Парламент Сенатының Төрағасы Астанада өткен «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді қатысқаны үшін Киелі Таққа алғысын білдірді. Ватикан павильоны қазіргі кездегі өзекті мәселелер мен барша адамзаттың болашағы үшін табиғат үйлесімі маңызды екеніне католик шіркеуі баса назар аударып отырғанын көрсетті. Пьетро Паролин Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезінде шақырғаны үшін алғысын білдірді. Ол форум әлемге кеңінен танымал бола бастағанынын айта келіп, Ватикан алдағы уақытта да барлық діни наным-сенімді ұстанушылар арасында бейбітшілік пен келісімді орнықтыру жөніндегі Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың күш-жігеріне қолдау білдіруді жалғастыра беретінін нақтылады. Қазақстан Сенатының басшысы сол күні Италия Сенатының Төрағасы Мария Элизабетта Альберти-Казеллатимен келіссөз жүргізді. Қ.Тоқаев дипломатиялық қатынастар орнаған 26 жылда Қазақстан мен Италия екіжақты ынтымақтастықты дамытуда тамаша табыстарға жеткенін атап өтті. Италия біздің еліміздің үшінші сауда әріптесіне айналды, өзара сауда айналымының көлемі 10 миллиард долларға жетті, 2006 жылдан бері 10 жылда италиялық тікелей инвестициялар көлемі 6 миллиард долларды құрады. Кездесу барысында Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетіне және Жібек жолының жаңа тұжырымдамасын іске асыруда біздің еліміздің негізгі рөліне баса назар аударылды. Қ.Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан мен Италия бір-бірінен алшақ орналасса да көліктердің дамуының арқасында екі ел жақын әріптес бола алады. Келіссөздер қорытындысы бойынша қарқынды парламентаралық байланыстарды жалғастыруға уағдаластыққа қол жетті. М.Э. Альберти- Казеллати Қазақстанға сапарлап келуге шақыруды қабыл алды.

    Дереккөз: ҚазТАГ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.