Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-пленарлық отырысына қатысты
    Жаңалықтар

    Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-пленарлық отырысына қатысты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.06.2018Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жиында цифрлық трансформация, жаңа технологияларды қолдану және экономиканың одан әрі даму перспективалары жөніндегі мәселелер талқыланды, дп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

    Мемлекет басшысы басқосуда сөйлеген сөзінде Шетелдік инвесторлар кеңесінің Қазақстандағы бизнес ахуалды жақсартуға және ұлттық экономиканы қолдауға бағытталған жұмыстарының нәтижелеріне тоқталды.

    Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысына қатысушылардың баяндамаларын тыңдаған соң, жаһандық сын-қатерлер жағдайында ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның атқарып жатқан шаралары жөнінде айтты.

    – Бүгінде біз қарқынды жаһандық өзгерістердің куәсі болып, сонымен байланысты қиындықтарды бастан өткеріп отырмыз. Оларды еңсеру үшін мен былтыр Үшінші жаңғыру жөнінде міндет қойдым. Макроэкономикалық тұрақтылық қамтамасыз етіліп, бизнес ахуалы жақсарып келеді, – деді Қазақстан Президенті.

    Нұрсұлтан Назарбаев елдің одан әрі жаңғыруы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін  атқарылатын жұмыстың бірнеше бағытын атап көрсетті.

    – Бірінші. Бұл – реттеуші ортаны жақсарту. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс, Салық және Кеден кодекстері сияқты жаңа құжаттар күшіне енді. Кәсіпкерлікті реттеу мәселелері жөніндегі заңнамалық түзетулер топтамасы қабылданды. Барлық бағыттар бойынша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары енгізілуде, – деді Мемлекет басшысы.

    Қазақстан Президенті құқық үстемдігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік басқару ісінің сапасына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

    – Екінші. Бұл – экономиканы диверсификациялау және жаңа технологияларды енгізу. Еліміз бойынша индустрияландыру аясында 1200-ден астам жаңа кәсіпорын іске қосылды. Инвестициялық және экспорттық стратегиялар жүзеге асырылуда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Сонымен қатар, Мемлекет басшысы трансұлттық корпорациялармен бірге ірі жобаларды жүзеге асырудың, аграрлық ғылымды дамытудың, технологиялар трансфертінің және құрылыс саласының жоғары қарқынын қолдаудың маңыздылығын айтты.

    Қазақстан Президенті үшінші басым бағыт ретінде инфрақұрылымды жаңғырту қажеттігін атап өтті.

    – Біз Еуразиялық мультимодальді көлік-транзит хабын қалыптастырудамыз. Жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы еуразиялық интеграцияны күшейтуге және Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен ұштасуға бағытталған. 5 шілдеде «Астана» халықаралық қаржы орталығының таныстырылымы болады. Бұл орталық Қазақстанның қаржы инфрақұрылымының өзегіне және бүкіл Орталық Азия өңірінің хабына айналуға тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Мемлекет басшысы ел көлеміндегі және өңірлердегі экономика салаларын цифрландыру үдерісіне кеңінен тоқталды.

    – Төртінші. Бұл – цифрландыру. Біз «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды бастадық. Цифрлық технологияны агро-өнеркәсіп кешеніне, көлік және басқа да негізгі салалардағы кәсіпорындарымызға енгізу қажет, – деді Қазақстан Президенті.

    Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев адами капиталды одан әрі дамыту қажеттігі және білім беру жүйесін трансформациялаудың маңыздылығы жөнінде айтты.

    – Бесінші. Бұл – адами капиталды дамыту. Білім беру жүйесі экономиканы жаңғырту мен цифрландыруды ескере отырып трансформациялануы қажет. Осыған орай келесі отырысымыздың тақырыбы ретінде «Адами капиталды дамыту» мәселесін ұсынамын, – деді Мемлекет басшысы.

    Елбасы сөзінің соңында Қазақстан экономикасын жаңғырту үшін бірлесе тиімді жұмыс жүргізудің маңызды екенін атап өтті.

    Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке Шетелдік инвесторлар кеңесіндегі жұмыс топтарының және бүгінгі басқосу барысында айтылған ұсыныстардың бәрін ескеріп, қарастыруды тапсырды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.