Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мегаполистің миллионыншы тұрғыны пәтер кілтіне ие болды
    Жаңалықтар

    Мегаполистің миллионыншы тұрғыны пәтер кілтіне ие болды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.06.2018Updated:06.06.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Шымкентте миллионыншы тұрғынға пәтер кілті табысталды. Аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев 1 миллионыншы тұрғыны дүниеге келген  Еламановтар отбасын арнайы  құттықтап, екі бөлмелі баспананы сыйға тартты.

    Қаланың миллионыншы тұрғыны атанған Еламанова Айсұлу жас отбасының тұңғыш перзенті.  Осы уақытқа дейін сәбидің ата-анасы сегіз адаммен бірге бір пәтерде тұрып келген. Енді  облыс әкімі бүгінгі қуаныш иелеріне екі бөлмелі пәтердің  кілтін табыстап, өз ыстық лебізін білдірді.

    1001

    Отау құрғандарына бір жылдың жүзі болған жас отбасыда қос қуаныш. Яғни, тұңғыш сәбилері дүниеге келсе, енді бірі өмір сүруге қолайлы баспаналы болып отыр. Нәрестенің ата-анасы осындай тарихи сәт өз  отбасыларына бұйырғанына қуанышты екендігін жеткізіп, ел дамуына өзіндік үлесін қосатын азаматша етіп тәрбиелеуге бар күш жігерлерін жұмсамақ.

    img-20180606-wa0045

    Елбасы  бүкіл дүниежүзінің қайраткерлері қатысқан  экономикалық форумда Шымкент қаласын миллионды қала деп жариялады. Ал, Шымкенттіктер республикалық статус иелену бастамасын өте қызу қарқынмен қолдауда.   

    Қаланың миллионыншы тұрғыны Қасиетті ораза айның алғашқы күнінде дүниеге келген.Шымкенттіктердің атынан осы айтулы оқиғамен құттықтаған облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы нәрсетенің маңдайынан сүйіп,өз батасын берді. Ал, Айсұлудың ата-анасы Самат Еламанов пен Айжан Ахайбекова  көрсетілген құрмет пен сый-сияпат үшін облыс әкімдігіне ризашылығын білдірді.

    1002

     

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.