Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Банктер «7-20-25» бағдарламасы бойынша 200 млрд теңге алады
    Жаңалықтар

    Банктер «7-20-25» бағдарламасы бойынша 200 млрд теңге алады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

     Бір жыл ішінде банктер жаңа ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан қажетті соманы алады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

    «Жақын арада 7-20-25 бағдарлама аясында банктерге 200 млрд теңге бөлінеді. Болашақта бұл сома 1 трлн теңгеге жетеді. Бұл банктердің ипотекалық портфелінің ағымдағы көлемін 2 трлн теңгеге дейін екі есе арттыруға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді ол.

    Сонымен қатар, оның мәліметтері бойынша, жаңа несиелерді беру қаңтар-сәуірде 27%-ға немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 814 млрд теңгеге ұлғайды. Нәтижесінде, банктің несиелік қоржыны сәуір айында 12,1%-ға өсті. Бизнеске арналған теңгедегі несиелер бойынша орташа мөлшерлеме біртіндеп төмендеп келеді. Сәуірдің аяғында оның көлемі 12,2%-ды құрады.

    «Мұндай төмен құндылықтар 2014 жылдың соңынан бері байқалмады», – деді ол.

    Ахметов ұзақ мерзімді несиелендіруді қамтамасыз ету үшін Ұлттық банк банктерді қаржыландыру мерзімін ұзартатын құралдарды енгізуді көздейтінін айтты.

    «Жинақ салымдарын енгізу банктерге ұзақ мерзімді және болжамды қаржыландыруға мүмкіндік береді. БЖЗҚ банк облигацияларына жұмсалған бағдарлама аясында банктер шамамен 400 млрд теңгеге бес жыл бойы инвестиция алады. Осындай қаржыландыруды ұлғайту үшін нарық ойыншыларының паритетті қатысуы міндетті деп саналады. Алдағы жылдары ірі банктердің тарапынан 1,2 трлн теңге несиелендіру күтіледі. Бұл қалпына келтіру бағдарламасына қатысатын банктерге беріледі. Бүгінгі күні қайта қаржыландыруға 865 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 170 млрд теңгеге жаңа несие берілді», – деді ол.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.