Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте Рәміздер күні ерекше аталып өтілді
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте Рәміздер күні ерекше аталып өтілді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.06.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының жастар орталығы ғимараты алаңында 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай ерекше форматтағы флэш-моб өтті.

    089987de-0958-4f1b-a213-612a9162ae38

    Бұған өңірдегі бірнеше жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Іс-шараға қатысушы жастарды облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақыт Ахымбетов мерейлі мерекемен құттықтады.

    2e5de12c-a108-4dbb-b0f2-1fd9f05f6894

    «Бүгін еліміз үшін айтулы мереке. 1992 жылы алғаш рет еліміздің мемлекеттік рәміздері бекітілген болатын. Соған орай жыл сайын осы күні Рәміздер күні мерекесі тойланады. Бұл шара әрбір жастың көкейінде патриоттық, отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру үшін ұйымдастырылып отыр. Мақсатымыз — еліміздің әрбір азаматына мемлекеттік рәміздердің маңызын ұқтыру, оларға деген құрметті арттыру, – деді Бақыт Сәрсенбайұлы.

    Флеш-мобта жастар қолдарындағы жалаушалармен түрлі тақырыптық бейнелерді көрсетті. Сондай-ақ, 100-ден аса жас Шымкент қаласындағы «Мемлекеттік рәміздер» алаңы мен шаһардың ірі сауда орындарына барып, қала тұрғындары мен қонақтарына еліміздің мемлекеттік рәміздері бейнеленген стикерлерді, ақпараттық буклеттер мен жалаушаларды тарту етті.

    6b7e57b4-a734-4ce9-b80e-7ced77cb63a2

    Шара соңында Шымкент қаласының Орталық саябағында өңір жастары аға ұрпақ пен кіші буынға қосылып еліміздің Әнұранын шырқады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.