Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Цифрлық Қазақстан аясында электронды саудаға басымдық беріледі – Абаев
    Жаңалықтар

    Цифрлық Қазақстан аясында электронды саудаға басымдық беріледі – Абаев

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.06.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында электронды сауданы дамытуға басымдылық беріледі. Бұл жөнінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Ideas for women IFW-2018» атты ҚР Іскер әйелдер қауымдастығы форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

    «Біз цифрландыру бағдарламасында басқа елдердегі барлық тәжірибені таңдап алдық. Егер Цифрлық Қазақстан бағдарламасы жүзеге асырылатын болса, онда еліміз жақсы жаққа өзгеріп, мүлде басқа мемлекетке айналады. Мемлекет басшысы атап өткендей, төртінші өнеркәсіптік революция технологияларын қазақстандық қауымдастықтың барлық салаларына тарту біздің міндетіміз болып табылады», — деді министр.

    Дәурен Абаев осы тұста елдегі ірі әрі ықпалды бірлестіктердің біріне айналған Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының рөлін де ерекше атап өтті.

    «Үлкен жетістіктеріне қарамастан, әйелдер кәсіпкерлігінде үлкен әлеует бар. Ал алдағы цифрландыру дәуірі бұл жаңа мүмкініктер болып табылады, сол себепті ол әлеуеттерді біз жүзеге асыра аламыз деп сенемін. Экономика салаларын цифрландыру кәсіпкерлік саласы үшін үлкен қызығушылық тудырып отыр. Осы бағыт аясында біз электронды саудаға, соның ішінде ауылдық жерлердегі саудаға басымдылық беретін боламыз. Қазірдің өзінде бұл алғашқы нәтижелерін беріп отыр. Осы орайда, электронды сауданың дамуына ықпал ететіндей Салық кодексіне бірқатар өзгертулер енгізілді», — деген министр интернет-дүкендер құру бойынша арнайы оқулар да ұйымдастырылғанын атап өтті.

    Сонымен қатар, электронды төлемдер қабылдауды арттыру үшін мобильдік төлемдерді жүзеге асырудың оңтайландырылыған механизмдерін енгізуді ынталандыру мәселесі қаралады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.