Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Сыбаға» және «Алтын асық» бағдарламалары бойынша несие беруді бастады
    Жаңалықтар

    «Сыбаға» және «Алтын асық» бағдарламалары бойынша несие беруді бастады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Ақмола облысының Ерейментау ауданының Новомарковка ауылында 2018–2027 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамытудың жаңа салалық бағдарламасын түсіндіру аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйымдастыруымен көшпелі баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

    Етті мал шаруашылығын дамытудың жаңа бағдарламасында тұжырымдалған басымдықтар мен тетіктер Мемлекет басшысының отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің экспорттық әлеуетін арттыру, бірінші кезекте АӨК-тегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кемінде 2,5 есе арттыру жөніндегі міндеттерін тікелей жүзеге асыру болып табылады.

    АШМ мәлімдеуінше, «Манат» шаруа қожалығының басшысына төлдейтін ІҚМ сатып алу үшін алғашқы несиелік чек тапсырылды. Фермер 23 390 000 теңге көлемінде алған несиеге отарлы жайылымға мал және жем дайындайтын техника сатып алуды жоспарлауда.

    ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2018–2027 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамытудың жаңа салалық бағдарламасына сәйкес «Сыбаға» және «Алтын асық» несие беру бағдарламалары аясында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолжетімді несиемен қамтамасыз етуде.

    Соңғы қарыз алушы үшін субсидияны ескере отырып қарыз бойынша несиелеу мөлшерлемесі 4% құрайды, қаржыландыру мерзімі — 15 жыл. Осылайша, фермер несие серіктестігі (НС), шағын қаржы ұйымдары (ШҚҰ) және өңірлік инвестициялық орталықтар (ӨИО) арқылы немесе тікелей «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ бөлімшелері арқылы төлдейтін ІҚМ мен қой сатып алуға жеңілдетілген несие алады.

    Етті мал шаруашылығын дамытудың жаңа бағдарламасына сәйкес фермерлік шаруашылықтар өндіріс үлгісінің негізі болады. Олар өткізу, оқыту және ветеринарлық қызмет көрсету мәселелерінде бірігеді. Жер және несие беру ең үздік фермерлер негізінде таңдалып алынады.

    Асыл тұқымды малдардың генетикасын пайдалану және мал шаруашылығындағы тұқымдарды жақсарту негізгі шарт болып табылады. Суармалы жерлердегі жемшөп өндірісі бордақылау алаңдарына шоғырланатын болады. Бұдан өзге, өнімді тікелей бордақылау алаңдарына тапсырған жағдайда фермерге 1 кг тірі салмағына 200 теңге мөлшерінде мемлекеттен қосымша ақы төленеді.

    Қарызға берілген қаражаттар фермерлерге тек ірі қара мал мен қойдың асыл тұқымын сатып алуға ғана емес, сондай-ақ қажетті ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын сатып алуға және айналым капиталын толықтыруға мүмкіндік береді.

    Жаңа бағдарламада қарыз алушыға кепілдікті қамтамасыз ету үшін бейілді режимде жұмыс жасайды, кепілді қамтамасыз етудің құны төмен болған жағдайда, қарыз алушы «ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдігін қарыз сомасынан 85% мөлшерінде пайдалана алады.

    Анықтама: Бүгінде Қазақстан жайылым аумағы бойынша әлемде бесінші орында, оның аумағының тек 30 проценті ғана қолданылады. 2007 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы елімізде сиыр етін тұтыну 7%-ке артты, өндіріс 17%-ке дейін өсті. Сонымен бірге қозы етіне да осындай жағдай: қозы етіне сұраныс 22%-ке артып, өндіріс 24-ке дейін өсті. Қазақстан сиыр еті мен қозы еті бойынша өзін-өзі қамтамасыз ете бастады, малдың санын көбейту арқылы ет түрлерінің экспорттық әлеуетін арттыруға ұмтылуда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.