Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Партия жаңғыруды жүзеге асыратын ең басты күштердің бірі болуы тиіс – Президент
    Жаңалықтар

    Партия жаңғыруды жүзеге асыратын ең басты күштердің бірі болуы тиіс – Президент

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында қаралатын мәселелерді атады, деп хабарлайды Baq.kz.

     «Құрметті Жас отаншылар, әр өңірден келген партия мүшелері мен бүгінгі кеңестің қатысушылары барлықтарымыз кездестік. Бүгін кездескенім үшін қуаныштымын. Қош келдіңіздер», — деп Назарбаев «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын бастады.

    Ол «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің отырысында екі мәселе қаралатынын атап өтті.

    «Біріншісі – «Нұр Отан партиясының» жүйелі түрде жаңғыруы, күздегі өткен кездесуімізде берген тапсырмалар бар болатын. Екінші – Президенттің 5 әлеуметтік бастамамасын жүзеге асыру, қоғамдық бақылау қалай өтіп жатқанын қарау мәселесі. Менің бастамаларым жарияланғаннан кейін партияға бұл міндет жүктелгенін өздеріңіз де білесіздер. Партияның жалпыұлттық күн тәртібін қалыптастыруға белсенді қатысу керегі туралы айттық. Партия жаңғыруды жүзеге асыратын ең басты күштердің бірі болуы тиіс. Сондай-ақ, партияға ғана емес бүкіл елге кадрлық резервтерімен мақсатты түрде дұрыс жұмыс істеуді тапсырдым. Ол үшін партия мүшелерінің санына емес, сапасына акцент қою керегі туралы айттық. Партия жұмысына жаңа саяси технологияларды белсенді қолдану міндеті қойылды», — деді Президент.

    Елбасы жастармен белсенді жұмыс істеу қажеттілігі туралы да айтты.

    «Жас Отан» алдында барлық жастар ұйымының интеграторы болу міндеті тұр. Жақында ғана өте сапалы деңгейде өткен «Жас Отан» съезі жастарымыздың өте белсенді және мемлекетіміздің істеріне қатысуға ынталы екенін көрсетті. Сондай-ақ, мен партиялық білім беруді талдамалы зерттеумен шындап айналысуды тапсырдым. Сондай-ақ, наурызда Президенттің 5 бастамасы жарияланды. Бұл әр қазақстандықтың өмірін жасқартуға арналған бағдарлама. Парламент оны жүзеге асыруға арналған барлық заңнамалық базаны қабылдады. Парламенттегі біздің фракция үлкен жұмыс атқарды. Партияға Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлесе осы бастамаларды жүзеге асыруда қоғамдық қадағалауды тапсырдым. Бұл міндет партия белсенділерінің жұмысы мен рөліне үйлеседі», — деп сөзін түйіндеді Мемлекет басшысы.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.