Оралда жаңа алаңға Қазақстан Республикасның Тұңғыш Президенті алаңы деген атау берілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қаладағы 5-шағын ауданға ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің есімі берілсе, ремзауыт ауданындағы тынымбақ «Чернобыль апатының салдарын жоюшылар» тынымбағы деп деген атауды иеленді.
«Н.Ә.Назарбаев атындағы алаңды тағайындау туралы шешім облыстық мәслихат депутаттары тарапынан бірауыздан мақұлданды. Мұндай ұсыныс қала тұрғындарынан келді. Сондай-ақ, м.ғ.д. №5 Қадыр Мырза Әли есімі берілді», — делінді Батыс қазақстан облысы мәслихатында.
Сондай-ақ, Оралдағы «Жұлдыз» шағын ауданы бойынша 12, ТЖЖ-1 шағын ауданы бойынша 20 шақты, ТЖЖ-2 шағын ауданы бойынша 50 көшеге атау және ТЖЖ-1 ауданына «Көкжиек», ТЖЖ-2 ауданына «Сарыарқа» атауларын беруді қолдады.