Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Халықтың көп бөлігі денсаулық сақтау қызметтеріне өз қалталарынан төлейді – Біртанов
    Денсаулық

    Халықтың көп бөлігі денсаулық сақтау қызметтеріне өз қалталарынан төлейді – Біртанов

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізімін жетілдіру бойынша атқарылған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

     «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қаржыландыру ағымдағы жылы 917,4 млрд теңге, оның ішінде медициналық қызметтерді сатып алу 776,9 млрд теңгегі құрады. Айта кетсек, үстіміздегі жылдан бастап мамандандырылған қызметтер, мысалы онкология, наркология және жедел жәрдем қызметтерін қаржыландыру жергілікті деңгейден орталық деңгейіне көтерілді. Сонымен қатар, медициналық қызметтерді көрсететін жаңа ұйымдар пайда болды. Биыл бірінші тоқсанда олардың саны 1390-ды құрады, соның ішінде жекеменшік ұйымдар саны 175-ке артқан», — деді Біртанов.

    Ол Мемлекет басшысының 2018 жылдың 10 қаңтардағы тапсырмасын орындау шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ТМККК тізімін қалыптастыратын жаңа тәсілдерді және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің пакетін қарастыруды ұсынды.

    «Жыл сайын тегін медициналық көмекке бөлінетін бюджет қаражатын ұлғайтуға қарамастан соңғы 5 жылдың ішінде халықтың денсаулық сақтау қызметтеріне қалта шығыстарының өсуі байқалды. Ол 2017 жылы 678 млрд теңгені құрады. Қалта шығыстарының үлесі денсаулық сақтаудың жалпы шығыстарының 41%-ына жетті. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған шекті деңгейден екі есе жоғары. Бұл ретте жеке шығыстардың 30%-дан астамы тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілген қызметтерді ақылы түрде сатып алуға бағытталған. Бұл бірінші кезекте тегін медициналық көмектің белгілі бір көлемін толық қаржыландырмауға байланысты. Дефицит көлемі қазіргі таңда 360 млрд теңгені құрайды. Соның салдарынан, әсіресе, әлеуметтік осал санаттағы ел азаматтары денсаулыққа байланысты қаржылық тәуекелдерден жеткіліксіз қорғалған», — деді ол.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.