Қарағанды облысында Балқаш өңірінің жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының бастығы ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«26 мамырда коммерциялық құрылымдарды заңсыз қорғауға алған деген күдікпен Қарағанды облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ішкі қауіпсіздік басқармасы департаменті мен Қарағанды облысы ҰҚК департаменті қызметкерлерінің бірлескен тексеру жұмыстары барысында, мемлекеттік қаражатты ұрлаумен айналысқан, Қарағанды облысындағы Балқаш ауданы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық департаментінің басшысын ұстады», — деп жұма күні Қарағанды облысының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мекеменің ақпараты бойынша, ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.