Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті
    Жаңалықтар

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа31.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Күн тәртібіне сәйкес жиында еліміздегі құрылымдық және институционалдық реформалардың жүзеге асырылу барысы және Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық ахуалы талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

    018

    Отырысты ашқан Мемлекет басшысы 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысының салдарына қарамастан, экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін іске асырылған шараларға назар аударды.

    – Әлемдік қаржы дағдарысы басталған сәттен бері 10 жыл өтті. Жағдай өзгерді. Дағдарыстан шығу үшін біз арнайы бағдарламалар әзірледік, жол картасын қабылдадық, жұмыстан босап қалған адамдарға қол ұшын создық. Көптеген шаралар жүзеге асырылды. Біз шетелден инвестиция тарттық және  өз қаржымызды да пайдаландық. Сол арқылы ұлттық экономикамызды құлдыратпай дағдарыстан шығуға мүмкіндік алдық, – деді Қазақстан Президенті.

    Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық үрдістер мен қалыптасқан геосаяси ахуалды ескере отырып, дамудың жаңа бағдарламаларын әзірлеу қажеттігін айтты.

    – Президент Әкімшілігі мен Үкімет одан әрі дамуымыздың жолдарын іздестіруі керек. Біз болашақта тиісті шаралар қабылдау үшін болжам жасауымыз қажет. Біздің алдағы іс-әркеттеріміз жөнінде айқын ұстанымымыз болуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

    Қазақстан Президенті қазіргі мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асырудың тиімділігіне тоқталып, олардың уақтылы және сапалы орындалуының маңыздылығын атап өтті.

    Нұрсұлтан Назарбаев агроөнеркәсіп секторын одан әрі дамыту және қайта өңдеу саласына инвестиция тарту  үшін тиісті шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

    Елбасы мемлекеттік органдардың қызметі ел тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс екенін айтты.

    – Біздің бүкіл жұмысымыз халықтың табысын арттыруды көздейді. Егер олай болмаса, онда Үкіметтің шамасы келмей отыр деген сөз, – деді Қазақстан Президенті.

    Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев халықты жұмыспен қамту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, шағын және орта бизнесті қолдау, жастарға кәсіби білім беріп, жұмысқа орналастыру мәселелеріне тоқталды.

    Жиын барысында Премьер-Министр Б.Сағынтаев, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Бас прокурор Қ.Қожамжаров және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ.Ақсақалов баяндама жасады.

    Басқосу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Үкіметке және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді және олардың орындалуын қадағалауды Президент Әкімшілігі мен Қауіпсіздік кеңесінің аппаратына тапсырды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.