Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте Жылға ауылдың жанында 20 МВт күн электр станциясының құрылысын жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте Жылға ауылдың жанында 20 МВт күн электр станциясының құрылысын жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін қуаттылығы 20 МВт күн электр станциясын салу жоспарлануда, деп хабарлады «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-ның баспасөз қызметі.

    Хабарда айтылғандай, «Қазақстан даму банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында қуаты 20 МВт «Жылға» күн электр станциясы құрылысының жобасына (бұдан әрі – Жоба) қаржыландыру ашты. Жобаның құны 13,2 млрд теңгені құрайды, ҚДБ «EcoProTech-Astana» ЖШС-ға (ЭкоПроТек-Астана) 8 жыл мерзімге 9,05 млрд теңге сомасында қарыз береді. Жобаны қаржыландыруға қарыз алушының қатысуы 4,2 млрд теңгеге дейінгі соманы құрайды.

    Ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отырған электр станциясының құрылысы 77 000 астам фотоэлектрлік модульдерді, 10 инверторлар мен трансформаторларды, сондай-ақ 10 бөлу құрылғыларын орнатуды көздейді.

    «Жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды қаржыландыру ҚДБ қызметі бағыттарының бірі болып табылады, өйткені ол Банктің өндірістік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу бөлігіндегі мандатына сәйкес келеді. Бұған дейін, соңғы екі жыл ішінде Банк ЖЭК саласында 35,5 млрд теңге сомасындағы екі жобаға қаржыландыру ашты. ОҚО-да күн электр станциясын салу жобасы Банктің жобалық қаржыландыру сияқты құралды пайдаланып қаржыландырып отырған алғашқы жоба болуымен есте қалады. Болашақта Жобаны іске асырудан түсетін ақша ағындарына «KEGOC» АҚ-ның еншілес ұйымы – Жаңартылатын энергия көздеріне қолдау көрсету жөніндегі есептеу-қаржылық орталығы кепілдік береді», – деп атап өтті ҚДБ Дирекциясының клиенттермен жұмыс жөніндегі аға банкирі Айжан Битебаева.

    «Бүгінгі таңда Қазақстанда электр энергиясының 80%-ына жуығы елдің көмір кен орындарынан алыс емес солтүстік бөлігінде өндіріледі. Осы энергияның негізгі бөлігі де сол жерлерде пайдаланылады. Бұл ретте оңтүстікте электр энергиясын тұтыну оны өндіруден екі есеге жуық асып түседі. Күн электр станциясын орналастыратын орынды таңдау кезінде мынадай негізгі екі фактор: күн радиациясының әлеуеті және өндірістік алаңға жақын орналасқан электр желілеріне технологиялық қосылу мүмкіндігі ескерілді. Жоба алдындағы зерттеулердің нәтижелері бойынша біз күн электр станциясының құрылысын салу орнын Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы Жылға кентіне жақын орынды белгіледік», – деп атап көрсетті өз кезегінде «ЭкоПроТек-Астана» ЖШС бас директоры Нәзір Теміров.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.