Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Астана Орынбордан Қызылордаға көшкенде 5 вагон архивтік құжат өртеніп кеткен — ғалым
    Жаңалықтар

    Астана Орынбордан Қызылордаға көшкенде 5 вагон архивтік құжат өртеніп кеткен — ғалым

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Ақтөбелік ғалымдар Ресейдің Орынбор облысындағы архивтерде зерттеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
    Ғалымдар Ресейдің Орынбор облысына барып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Құжаттармен қатар ұлт зиялыларының шығармалары мен кітаптарын іздейді.
    «1867-1868 жылдары реформа болып, Орынбор генерал-губернаторы құрылды. Содан облыстық басқарманың құжаттары Орынбор қаласында сақталды. 1925 жылы астана Орынбордан Қызылордаға көшкенде тарихи құжаттардың негізгі бөлігі сол жерде қалды. Орынборда Қазақстанның, оның ішінде еліміздің батыс өңірі бойынша құжаттар сақталған. XVIII ғасырда Орынбор шекара комиссиясы болды. Соның құжаттарынан бастап 1925 жылға дейінгі мол мұраның бәрі Орынбор мұрағатында түпнұсқа күйінде сақтаулы. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік мемлекеттік университеті ғалымдарының мақсаты — тарихи деректердің, құжаттардың ксерокөшірмесін жасап, ғылыми жинақ шығару. Архив құжаттары ескіреді, көнереді. Жыртылып, оқылмай қалуы мүмкін. Сондықтан дер кезінде бар мұрамызды жинағымыз келеді»,- деді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушысы Дәулет Әбенов.
    Таяуда Ақтөбеде Орынбор облысының күндері өтті. Мәдени шара кезінде Орынбор облысы әкімдігі мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік мемлекеттік университеті арасында келісім жасалды. Алдағы уақытта ғалымдар, магистранттар Қазақстан, Ақтөбе өңіріне байланысты құнды деректерді жинауға аттанады.
    «Қазақстанда орыс географилық қоғамының бөлімшелері болған. Соның бірі Орынборда орналасқан. Сол қоғам бірнеше жинақ шығарды. Кітаптың бәрі Қазақстанда, Алматыдағы мемлекеттік мұрағатта, Ұлттық кітапханада электронды нұсқа күйінде сақтаулы екен. Бірақ түпнұсқа сақталмаған. Ыбырай Алтынсариннің, Мұхамед-Салық Бабажановтың еңбектері, қазақ зиялыларының шығармалары жинақтарда жыл сайын жарияланған. Орынбор география қоғамының 17-18 томдарында Ыбырай Алтынсариннің «Обычная право казахов» деген екі томдық кітабы жарияланған. Жоғары оқу орындарында сол кітапты альтернативті оқулық ретінде пайдалансақ болады»,- деді Дәулет Әбенов.
    Тарихшы Орынбор архивтерінде 2 ғасырлық құжаттың, тарихтың сақталғанына сенімді. Архив материалдарын жас ұрпаққа қалдыруды ғалымдар парызы санап отыр.
    «Тарихи дерекке сүйенсек, 1919 жылы колчак әскері Орал қаласын басып алған кезде 19 арбаға тиелген архивтік құжаттың қай бағытта кеткенін ешкім білмейді. Астана Орынбордан Қызылордаға көшкенде 5 вагон архивтік құжат өртеніп кеткен. Оның себебін ешкім түсіндіре алмайды. Сондықтан Орынбор архивін зерттеу, ұлттық жәдігерді сақтаумен бірдей»,- деді Д.Әбенов.
    Дереккөз: Inform.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.