Асылжан Мамытбеков Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz .
«Мемлекет басшысының Өкімімен Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.
Биылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы экс-министрі Асылжан Мамытбеков Қазақстанның Ет одағы басқарма төрағасы болып сайланған еді. 2016 жылы Асылжан Мамытбеков ауыл шаруашылығы министрлігінен отставкаға кеткен еді. Бұл қызметте ол 2011 жылдан бері болды.