Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімдерімен:
Данияр Валерьевич Вагапов ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды;
Арман Дайырұлы Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды;
Ермек Беделбайұлы Көшербаев ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, ол ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.