Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары депозиттерін сата алады
    Жаңалықтар

    Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары депозиттерін сата алады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.05.2018Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) салымшылары енді депозиттерін сата алады. Бұл шотқа иелік ету құқығын үшінші тұлғаларға беруді қарастыратын онлайн-табыстау сервисінің арқасында мүмкін болып отыр. Опция «ЖССБ 24» интернет-банкингінде пайда болды.

    Сатылымға жинақ мерзіміне кем дегенде 1 жыл болған депозиттер ғана шығарылады. Шотты тек бір рет қана сатуға болады.

    — Жыл басынан бері 83 000-нан астам қазақстандық Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот ашты. Бұл азаматтар тұрақты түрде ақша салып отырып, кемі үш жылды құрауы тиіс мерзім мен 16-ға жеткізуді қажет ететін бағалау көрсеткішіне қатысты банк талаптарын орындаған жағдайда, 5% мөлшерлемемен тұрғын үй займын ала алады. Банкте тұрғын үй займын алуға келіп қалған, бірақ белгілі бір жағдайларға байланысты келісім-шартты бұзып, жинаған ақшасын қайтарып алуды шешкен клиенттер бар. Бұл жағдайда олар біздің жаңа қызметімізді, яғни депозиттерге иелік ету құқығын үшінші тарапқа онлайн жолмен беру әдісін қолдана алады. Себебі жақсы жинақ мерзімі және сомасы бар шотты сатып аламын дейтін жандардың да қатары көп. Олар ұзақ күтпей-ақ, аз уақыттың ішінде төмен пайызбен тұрғын үй займын ресімдей алатын болады, — деп түсіндірді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

    Қазір депозитке иелік ету құқығын беруді тек жақын туыстар арасында ғана жүргізуге рұқсат етілген. Салымшылар арасындағы шектен тыс алыпсатарлыққа тосқауыл қою және мемлекеттік бағдарламалар аясында пәтер сатып алу тәртібін бұзбау үшін келісім-шартты үшінші тұлғаға сату мүмкіндігіне банк кезінде тыйым салған болатын. Жаңа сервисті әзірлеу барысында банк бұл мәселелерді ескеріп отыр. Бұл әдіспен сатылған шот арқылы депозиттің жаңа иесі үйді тек коммерциялық нарықтан ала алады. Мұндай салымдар мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алмайды. Осылайша жеңілдетілген шарттармен әлеуметтік тұрғын үй алу үшін өз бетінше және тұрақты түрде ақша жинап жатқан салымшылардың мүддесі қорғалады.

    Депозиттерді сатудың жаңа сервисі барынша айқын, ашық және аноним болады. Іс жүзінде процесс келесідей жүреді: депозит сатушы «ЖССБ 24» интернет-банкингінде шотын сатылымға шығаратыны туралы хабарландыру жариялап, бастапқы бағаны көрсетеді. Ол сатылатын шоттағы барлық жинақтың жалпы сомасының 20%-нан аспауы тиіс. Мысалы, банк клиентінің салымында 1 млн теңге жиналса, ол депозит үшін 1 200 000 теңгеден аспайтын бастапқы бағаны қоя алады.

    Депозит сатып аламын деген адам саудаға қатысу үшін онлайн-төлемнің көмегімен 20 000 теңге көлеміндегі кепілдік жарнасын төлейді. Бұл оның шын мәнінде шот алуға ниетті екенінің растайды. Осыдан кейін қолайына келетін хабарландыруды таңдап, депозитті сатып аламын деген бағасын көрсетіп, өтініш жібереді. Бағаның өсу қадамы 20 000 теңге. Сатып алушы ұсынатын ең жоғары сома жинақ сомасына тең қаражат көлемінен аспауы тиіс.

    Өтінім қабылдау мерзімі аяқталған соң, жүйе жеңімпазды, яғни ең жоғары баға ұсынған адамды анықтайды. Ал басқа қатысушыларға кепілдік жарнасы автоматты түрде қайтарылады.

    Осыдан кейін депозитке иелік ету құқығын ауыстыру рәсімі басталады. Сатушы құжаттарға қол қойып, депозит ақысы аударылуы тиіс шот реквизиттерін көрсетеді. Сатып алушы да тиісті құжаттарға қол қойып, салым ақысын төлейді. Мұның бәрі онлайн-режимде жүреді.

    Бұл кезеңде сатып алушы мәміледен бас тартамын деп шешсе, оның кепілдік жарнасы қайтарылмайды, бұл сома сатушыға беріледі. Сатушы бас тартқан жағдайда, 1 ай бойы салымын қайта сатылымға шығара алмайды, ал кепілдік жарнасы депозитті сатып алуға ниет білдірген адамға қайтарылады. Бұл процеске қатысушылардың мәмілеге барынша байыппен қарап, жауапкершілікті сезінулері үшін жасалып отыр.

    Депозитті үшінші тұлғаға сату – банктің ақылы қызметі. Комиссия жинақ сомасының 0,5%-на тең. Ол сатып алушыдан алынады.

    Қазіргі уақытта онлайн-табыстау сервисі интернет-банкингтің веб-нұсқасында ғана қолжетімді. Қызметтің мобильді нұсқасы әзірленіп жатыр.

    Дереккөз: ult.kz.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.