Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Саясаткерлер мен сарапшылар Астананың халықаралық рөлін талқылайды
    Жаңалықтар

    Саясаткерлер мен сарапшылар Астананың халықаралық рөлін талқылайды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Астана қаласының 20 жылдығын атап өту аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тұңғыш Президент — Елбасы кітапханасымен бірлесе отырып, 2018 жылдың 5 маусымында «Астана — жаһан шаһары» атты халықаралық конференция өткізгелі отыр. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Конференцияның мақсаты аймақтағы және әлемдегі даму мен қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін өзара сенім мен ынтымақтастықты бекемдеу бойынша жаңа идеяларды талқылау болып табылады. Аталған тақырып конференцияның бірінші сессиясында талқыланбақ», — деп хабарлады министрліктен.

    «Ақылды қалалар» бойынша сессияда қатысушылар қалалық инттеллектуалдық технологияларды енгізу және Астананы ары қарай өркендету үшін осы іске халықаралық және отандық бизнесті жұмылдыру мәселелері бойынша талқылау өткізеді.

    Астананы инновациялық қаржылық, сауда және көліктік хаб ретінде дамыту жоспарына арналған үшінші сессия елорданың «Белдеулер мен жолдар» бағытындағы келешегін, Батыс пен Шығыс арасындағы диалог бойынша оның рөлін, сонымен қатар аймақтық және халықаралық сауда және байланысты дамыту бойынша Қазақстанның әлеуетін қарастыруды ұсынады.

    Сонымен қатар, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының жұмысына, Халықаралық «жасыл» технологиялар орталығына және AstanaHub IT-стартаптардың Халықаралық технопаркіне ерекше назар аударылады.

    Конференцияға Италияның бұрынғы сыртқы істер министрі Франко Фраттини, Ислам ынтымақтастығы ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Экмелледин Ихсаноглу, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Мұратбек Иманалиев, БҰҰ-ның Сирия бойынша Бас хатшысының арнайы елшісінің орынбасары Рамзи Еззельдин Рамзи, сонымен қатар парламент депутаттары, халықаралық ұйымдардың, халықаралық қауіпсіздік, қаржы саласындағы сарапшылар қатысады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.