Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Сарыағаш ауданында 585 пәтерлі 13 тұрғын үй салынып жатыр
    Жаңалықтар

    Сарыағаш ауданында 585 пәтерлі 13 тұрғын үй салынып жатыр

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Сарыағаш ауданында 585 пәтерлі 13 тұрғын үй салынып жатыр. Бұл 45 жылда болмаған жағдай. Облыс әкімі Ж.Түймебаевтың тікелей тапсырмасымен  енді аймақтың халқы жаңа баспаналарға  қол жеткізбек. Сондай-ақ, туризмі дамыған өңірде тағы 9 шипажай ашылатын болады. Емдік-сауықтыру орталықтарына келушілер қатары да  өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға артқан.

    img-20180525-wa0006

    3

    Жұмыс сапарымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев  әуелі Көктерек кентіндегі «Асем-Ай»  минералды сусын өндіретін кәсіпорында болды. Жалпы аумағы 8 гектарды құрайтын  зауыт сағатына 20 мың дана өнім өндіреді. Мұнда 80-ге жуық адам жұмыспен қамтылған.

    2

    Негізі Сарыағаш өңірі шипалы судың мекені. Бүгінде емдік суын іздеп келетін туристер саны да артып келеді. Жыл басынан бастап аймаққа аялдаған  қонақтардың  саны 34 мыңнан асқан. Ауданда жалпы саны 20 қонақ үй , 1 балалар шипажайы және 26 емдік-сауықтыру орталығы бар. Алдағы 5 жылда тағы 9 шипажай салу жоспарланған. Сарыағаштың туристік әлеуетімен танысқан аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев шипажай салу мәселесінде әуелі демалушыларға қажетті жағдай жасауды тапсырды.

    img-20180525-wa0016

    Сарыағаш өңірінде 45 жыл бойы көпқабатты тұрғын үйлер  бой көтермеген. Биыл аймақтың тұрғындары үшін қуанышты жаңалық орын алып отыр. Сарыағаш қаласында 5 қабаттан тұратын 45 пәтерлі 13 тұрғын үй салынуда.

     7

    img-20180525-wa0002

    6

    Аталған тұрғын үйлер тікелей Облыс әкімінің тапсырмасымен қолға алынған. Нысанға қаралған қаржының көлемі 394 млн 829 мың теңгені құрайды. Халыққа баспаналарды үлестіріп беру 2019 жылға жоспарланған.Тұрғын үйлердің алғашқы құрылысымен  танысқан аймақ басшысы Ж.Түймебаев алдағы күндері аталған жұмыстарды бақылауға алатынын жеткізді.

    Жомарт БЕГІМБЕТ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.