Бақытжан Жоламанов «Самұрық-Энерго» АҚ басқармасының төрағасы м.а. болып тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
«25 мамырда директорлар кеңесінің шешімімен Б. Жоламанов «Самрук-Энерго» АҚ басқармасының төрағасы м.а. болып тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға энергохолдинг директорлары кеңесінің төрағасы Алик Айдарбаев таныстырды», — делінген жұмадағы хабарда.
52-жасар Б. Жоламанов бұл қызметте Алмасадам Сатқалиевті ауыстырды. Ол бұл қызметті 2012 жылдың қаңтарынан бастап атқарып келе жатқан болатын.
Компанияның жаңа басшысы 2016-2018ж.ж. аралығында «Продкорпорация» ҰК» басқармасының төрағасы қызметін атқарып келген. (Фото tengrinews.kz)
Дереккөз: ҚазТАГ.