Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мәжілісмендер: Қазақстанда 3 миллионға жуық адам тұрғын үйге мұқтаж
    Жаңалықтар

    Мәжілісмендер: Қазақстанда 3 миллионға жуық адам тұрғын үйге мұқтаж

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша алғашқы баспаналар алдағы күз айларында берілуі мүмкін.

    Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өткен дөңгелек үстел барысында айтылды. Жиынға мемлекеттік орган өкілдері де қатысты. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгеріс енгізіледі. Дегенмен нақты қай бағыттарға екені әзірге беймәлім. Белгілісі тұрғын үй құрылысы қарқын алады. Мәселен, биыл елімізде былтырғыдай жалпы аумағы 11 миллион емес, 12 миллион шаршы метрден астам баспана бой көтеруі тиіс. Ол үшін республикалық бюджеттен 150 миллиард теңге қаралса, қалған қаражат жеке инвесторлар тарапынан тартылады.

    Сапар Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

    — «7-20-25» бағдарламасын іске асыруымыз керек. Бұл үшін тағы жер бөлінуі керек. Жергілікті органдар, ауылдық жерлер, аудан орталықтарында тұрғын үйге мұқтаж азаматтар бар. Соларға жағдай жасауымыз керек. Қазір тура айту мүмкін емес. Өйткені өңірлердің нарықтағы салынып жатқан құрылыс нысандарының ішінен алынуы мүмкін. Менің ойымша, қыркүйек айында басталуы тиіс.

    Депутаттардың пайымдауынша, Қазақстанда 3 миллионға жуық адам тұрғын үйге мұқтаж. Оның ішінде пәтер және жер алуға өтініш білдіргендер де бар. Бір ғана Астанада бұл тізімде тұрғандардың тек 10 пайызы өз дегеніне жетіп отыр. Тек кейбір өңірлерде көрсеткіш 70 пайызға жетіп жығылады. Қайырбек Өскенбаев, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:

    — Жергілікті әкімшілік органдарында 465 мың адам кезекте тұр. Әр облыс бойынша: Ақмола облысында 21 мың адам, Ақтөбе облысында 27 мың адам. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкін» санасақ, 1 миллион 96 мың адам. Оларды да санап отырмыз. Үшінші бағыт бойынша 1 миллион жер кезегінде тұр. Осы 2,5 млн-ды қалай қамтимыз дегенді талқылаудамыз, «Нұрлы жер» бойынша 1,5 млн пәтер саламыз ба деп жоспарлап отырмыз.

    Дереккөз: 24.kz.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.