Алматы қаласында 24 мамыр күні өтіп жатқан Еуразиялық Медиа Форумның үшінші күнінде әлеуметтік желілерде «Зың-Зың» әнімен танылған видеоклип үлкен экраннан көрсетіліп, көпшіліктің назарын аударды. Шетелдік сарапшылардың талқылауына іліккен бұл бейнематериал Youtube желісінде 20 млн-нан астам көрсетілімге ие. Қазақстандық блогерлердің белсенділігі дәл осы тұста сарапқа салынды.
Ресейдің қоғам қайраткері, белгілі журналист Максим Шевченко «Зың-Зың» әнінің әуеніне жоғары баға берді. Блог саласының өркендеуіндегі ақпараттың шынайылығы және дәстүрлі журналистиканың болашағы ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Арлем Дизер, «VICE NEWS TONIGT» арнасының шетелдік жаңалықтар бөлімінің бастығы Норин Жамиль, «Комсомольская правда» газетінің АҚШ-тағы меншікті тілшісі Алексей Осипов, Ұлыбритания-Пәкістанның қоғам қайраткері, журналист Рехам Хан, Қазақстанның The Steppe негізін қалаушы Зәуре Розмат, Yuframe шығармашылық бірлестігінің маркетинг директоры Расул Абдуллаев секілді спикерлер өз ойларын ортаға тастады.
Салтанат Тойболова