Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мемлекет басшысы KADEX-2018 көрмесінің басты ерекшелігін айтты
    Жаңалықтар

    Мемлекет басшысы KADEX-2018 көрмесінің басты ерекшелігін айтты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.05.2018Updated:23.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Астанада өтіп жатқан халықаралық КADEX-2018 қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесінің салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аталған көрменің басты ерекшелігін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

    «Халықаралық КADEX-2018 қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесінің ашылуы құтты болсын! Бесінші рет өткізіліп отырған айтулы іс-шара биылғы жылы Астананың 20 жылдығына тура келіп отыр. «Қазақстандағы ғарыш күндері» атты халықаралық форумының ұйымдастырылуы — биылғы көрменің басты ерекшелігі», — деді Елбасы.

    Осы орайда Мемлекет басшысы көрмеде ғарыш саласына арналған арнайы павильон жұмыс істейтінін атап өтті.

    «Мұнда әлемнің ғарыш саласының жетістігіне арналған арнайы павильон ашылды. Бүгінгі КADEX көрмесі қару-жарақ және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы әлемдік маңызы бар шараға айналды. Әлемнің 28 елінен келген 318 кәсіпорын өз өнімдерін осы көрмеде ұсынады», — деді Қазақстан Президенті.

    Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев көрмеге келген азаматтар отандық қорғаныс өнеркәсіп кешенімен және ғарыш саласының соңғы жетістіктерімен танысатынын жеткізді.

    «Бұл ретте электрондық жүйе мен байланыс, қару-жарақ жүйесін дамыту ісіне баса мән берілген. Ақпараттық қауіпсіздік саласын жетілдірудің тың жолдарын зерттеу ісіне назар аударылды. Көрме Қазақстанның қорғаныс өнәркәсібінің әлеуетін арттырып, оны жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізеді деп сенеміз. Осы шараға қатысушылар арасында өзара тиімді келісімшарттар жасалуына тілектестік білдіремін», — деді Президент.

    Сөз соңында Елбасы көрмеге қатысушылар мен ұйымдастырушылардың жұмысына зор табыс тілеп, аталған шараның жоғары деңгейде өтуі үшін қазақстандық тарап қолдан келгеннің бәрін жасағанын айтты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.