Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Көлік жүргізушілеріне жағымды жаңалық: ІІМ түзетулері күшіне енеді
    Жаңалықтар

    Көлік жүргізушілеріне жағымды жаңалық: ІІМ түзетулері күшіне енеді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.05.2018Updated:23.05.2018Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстанның Ішкі істер министрлігі автомобиль жүргізушілеріне қатысты өзгерістер жайлы еске салды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz  ведомствоның әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

    2018 жылғы 26 мамырдан бастап «Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепкеалу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» ІІМ-нің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы №862 бұйрығына, сондай-ақ «Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ІІМ-нің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар күшіне енетіні хабарланып отыр.

    «Өзгерістер көлік құралын тіркеу және жүргізуші куәлігін алу кезінде азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталғанын атап өткен жөн. Мәселен, қайта тіркеу кезінде: есепке қою, көлік құралдарын тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу және басқа да тіркеу әрекеттері кезінде бұрын тіркелген көлік құралдары қарап тексеруден өткізілмейді. Сонымен қатар, алғашқы рет тіркеу кезінде, яғни көлік құралы Қазақстанда бірінші рет есепке қойылса нөмірлік агрегаттардың есепке алу деректеріне сәйкес келуін салыстыра тексеру мақсатында қарап тексеруден өткізу міндетті (Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралын шығаратын ресми дилерден (өкілден) сатып алынған көлік құралдарын қоспағанда)», — делінген хабарламада.

    Осылайша, Қазақстанға шетелден, оның ішінде ЕАЭҚ елдерінен әкелінетін көлік құралдарын есепке қою кезінде қарап тексеру рәсімінен өткізу қажет.

    Қолда бар кез келген мемлекеттік нөмірлік белгіні (МТНБ) өз қалауы бойынша таңдау мүмкіндігі пайда болды (бұрын мұндай мүмкіндік жоғары сұранысқа ие МТНБ сатып алуға ниет білдірген адамдарда ғана болған).

    «Қолда бар нөмірлер туралы ақпарат ақпараттық стенділерде орналастырылады, ал Мамандандырылған ХҚКО-ларда арнайы терминалдар орнату жоспарлануда, олардың көмегімен қолда бар нөмірлердің ішінен ұнағанын таңдап алуға болады. Одан басқа, автокөлік иелері мемлекеттік нөмірді таңдап алу және электрондық үкімет порталы арқылы барлық құжаттарды беру, сол жерде барлық баждар мен алымдарды төлеу, содан кейін ТЕБ-ке немесе Мамандандырылған ХҚКО-ға жүгіну және мемлекеттік нөмірлік белгіні және көлік құралын тіркеу туралы куәлік алу мүмкіндігіне ие болады», — делінген хабарламада.

    МТНБ телнұсқаларын дайындау мерзімі қысқартылады: (мемлекеттік нөмір жоғалса, ұрланса немесе жарамсыз болғанда), енді бұл мерзім Астана, Алматы қалаларының тұрғындары үшін — 5 күнді, басқа өңірлер үшін — 15 күнді (бұрын 30 күн болған) құрайды. Жүргізуші куәлігінің (ЖК) қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін оны ауыстыру кезінде медициналық комиссиядан өту талабы жойылады. Сонымен қатар, егер жүргізуші куәлігі алғашқы рет берілсе және қосымша санаттар ашылса, сондай-ақ ЖК қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстыру кезінде медициналық анықтаманы міндетті түрде ұсыну қажет.

    Одан басқа, енді әкімшілік полицияның барлық тіркеу-емтихан бөліністері (ТЕБ) азаматтарды дүйсенбі күні де қабылдайтын болады (бұрын дүйсенбі техникалық күн болған). Осылайша, ТЕБ жұмыс кестесі мынадай болады: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін), сенбі күні — сағат 8.00-ден бастап 16.00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 12.00-ден бастап 13.00-ге дейін).

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.