XV Еуразиялық Медиа Форум аясында өтіп жатқан шеберлік сабақтарының кезекті тақырыбы «Сандық дәуірдегі конвергенттік журналистика» деп аталды. Қазақстандық «Select Communication Group» компаниясының басқарушы директоры Виктор Елисеев саладағы өз тәжірибесімен бөлісті. Ақпараттық технологияның дамыған дәуірінде журналистер үшін әлеуметтік желілерде де белсенді болуы заңдылық.
Интернет сайттардың БАҚ өкілдеріне тиімді тұстары сарапқа салынды. Оқиға орнынан тез әрі нақты ақпарат тарату бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Виктор Елисеев БАҚ «дижитализациясы» мен аудиторияға қажет ақпараттық өнімді құрудың жаңа тәсілдерін қалыптастыру жөнінде жан-жақты мәлімет берді. Әсіресе, мультимедиялық журналистиканың жаһандық мәселелері турасында бүгінгі форматтарында айтулы өзгеріс бар. Шеберлік сабақ аясында журналист білуі тиіс тәжірибе мен кәсібилік туралы тақырыптар қамтылды.