Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шілдеден бастап зейнатақы төлемдерін тағайындау жеңілдетіледі
    Жаңалықтар

    Шілдеден бастап зейнатақы төлемдерін тағайындау жеңілдетіледі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ағымдағы жылдың шілдесінен бастап зейнатақы төлемдерін тағайындау жеңілдетіледі. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, ағымдағы жылы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар ауқымды жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Оның бірі халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға арналған әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін жаңғырту болмақ. Жоба аясында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру оңтайландырылады.

    «Әр азамат зейнеткерлік жасқа жеткен кезде төлемнің төрт түрін мемлекеттік базалық зейнетақы, жасына байланысты ынтымақты зейнетақы, жинақталған зейнетақы, мемлекеттік кепілдік алуға құқылы. Осы төлемдерді алу үшін азамат бүгінгі күні бірнеше инстанцияға жүгінеді. Мысалы, мемлекеттік корпорацияға екі рет 2 өтінішпен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін, бір айдан соң тағы да өтінішпен мемлекеттік кепілдік мәселесі бойынша барады. БЖЗҚ-ға бір өтінішпен зейнетақы төлемдерін тағайындау мәселесі бойынша жүгінеді. Ағымдағы жылдың шілдесінен бастап осы тәртіп айтарлықтай жеңілдейді», — деді ол.

    Оның сөзіне қарағанда, ендігі уақытта зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар зейнатақы төлемдерін тағайындау үшін бір жерге, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясына ғана жүгінетін болады. Төлемдердің үш түрін тағайындау жөніндегі қызметтердің барлық спектры бар болғаны бір өтініштің негізінде композиттік түрде көрсетіледі.

    «Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер автоматты түрде пайдаланылып, көп құжат талап етілмейді. Ал мемлекеттік кепілдік төлемі өтініш бермей жүргізіледі. Яғни, төлем мөлшері автоматты түрде есептелінеді және қызмет алушының шотына аударылады. Төлемдердің барлық түрлері бір уақытта және бір банк шотына жүргізіледі. Ал қазір төлемдер әртүрлі көздерден алынады және алушының әртүрлі шотына аударылады. Бұл жаңалық зейнекерлік жасқа жеткен адамдардың шамамен 70 пайызына қатысты болады», — деді министр.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.