Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Дәурен Абаев әлеуметтік еңбек саласын цифрландыратын жобаларды атады
    Жаңалықтар

    Дәурен Абаев әлеуметтік еңбек саласын цифрландыратын жобаларды атады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстанда электрондық еңбек биржасы дамытылады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша әлеуметтік еңбек саласын цифрландыруға байланысты үш жоба енгізілген. Біріншісі — электрондық еңбек биржасын дамыту. Бұл жобаның тиімділігі азаматтардың жұмысқа орналасуына жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Электрондық еңбек биржасы арқылы азаматтарға кең ауқымды жұмыс орындары ұсынылған. Осы арқылы ел тұрғындары халықты жұмыспен қамту орталықтарына бармай-ақ өздерінің мамандықтары бойынша жұмыс табуға мүмкіндік береді. Мысалы, 1,5 жыл бойы жұмыс іздеген Семей қаласының дәрігерлері электрондық еңбек биржасы арқылы Петропавл қаласында өздеріне ұнайтын жұмысқа орналасты. Өйткені, Семейде медициналық ЖОО бар. Ал еліміздің солтүстігінде дәрігер мамандар жетіспейді», — деді Дәурен Абаев.

    Екіншісі — әлеуметтік еңбек жүйелері салаларын дамыту және енгізу жобасы.

    «Бұл жоба арқылы халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобына мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті арттыруға мүмкіндік туады. Сондай-ақ азаматтардың қызмет көрсету орталықтарына баруға жұмсалатын қаржысы мен уақыты үнемделеді. Осылайша ел тұрғындарына әлеуметтік -экономикалық тұрғыда тиімді қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің қолданыстағы компоненттерін кеңейтуге және мемлекеттік ақпараттық жүйелердің деректеріне қол жеткізуге жол ашылады. Әрбір азаматтың әлеуметтік мәртебесі сақталады», — деді ол.

    Министр атап өткен үшінші жоба — жұмысшылар профилін жүргізу және еңбек шарттарын есепке алу жүйесін құру.

    «Бұл жоба арқылы еңбек шарттарын тіркеу және есепке алу бойынша бірыңғай деректер қорын құруға мүмкіндік пайда болады. Сонымен қатар еңбек шарты қатынастарына мониторинг жүргізуге, жұмыс беруші немесе қызметкер тарапынан болатын заң бұзшылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Ең алдымен, еңбек кітапшалары және еңбек шарттарын цифрлау, қағаз түріндегі құжаттарды қысқартады. Сондай-ақ деректердің жоғалып кетпеуін қамтамасыз етеді», — деді министр.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.