Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»ҰБТ: Үкімет басшысы министрлер мен әкімдерге тапсырма берді
    Білім

    ҰБТ: Үкімет басшысы министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.05.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев министрлер мен облыс әкімдеріне Ұлттық бірыңғай тестілеуді өз деңгейінде өткізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Бұл (ҰБТ-авт.) барлық уақытта да әлеуметтік жағынан өте сезімтал мәселе. Сондықтан Ерлан Кенжеғалиұлы (Білім және ғылым министрі Сағадиев -авт.), әкімдермен бірге барлық ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, талдау жүргізуді және Ұлттық бірыңғай тестілеуді тиісті деңгейде өткізуді тапсырамын», — деді Ерлан Сағадиев.

    Сонымен қатар Премьер-Министр Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ҰБТ-ға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түбегейлі шаралар қабылдауы қажеттігін ескертті.

    «Әкімдер мектептерде бітіру емтихандарын ұйымдастыру және ҰБТ өткізу мәселелерін жеке бақылауға алатын болсын. Ерболат Әскербекұлы бақылау сізге жүктеледі», — деді Үкімет басшысы орынбасары Досаевқа қарата.

    Айта кетейік, отырыста аталған мәселе бойынша негізгі баяндама жасаған Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтетіндігін айтты.

    Сонымен қатар оның сөзіне қарағанда, мектеп бітірушілердің жағдайын жеңілдететін бірқатар жаңалық енгізілмек.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.