• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 11, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Booking.com» компаниясының Амстердамдағы бас кеңсесінде 15 қазақстандық жұмыс істеп жүр

22.05.2018
0

Қазақстанның IT — мамандарына шетелде сұраныс жоғары. Америка мен Еуропаның алпауыт компаниялары ақпараттық технологияның қыр-сырын меңгерген қазақ жастарын жұмысқа шақыруды жиілетті. Мәселен, қонақ үйлерді брондаумен айналысатын «Booking.com» компаниясының Амстердамдағы бас кеңсесінде қазір 15 қазақстандық жұмыс істеп жүр, деп жазады Қазақстан Ұлттық телеарнасы.

Нұрсұлу Қасым, тілші: — Шетелге іссапарға шығып, саяхаттайтын көпшілікке жанға жайлы қонақ үй табуға көмектесетін осы – «booking» компаниясы. Әлемнің 120 еліндегі бөлімшесінде қазір 15 мыңнан астам адам қызмет етеді. Арасында біздің 15 қазақстандық та бар. Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, компанияның ішінде түсіруге рұқсат жоқ. Сондықтан, біз жерлестерімізбен қаланың орталығында кездестік.

Әлемдік алпауыт компанияға жұмысқа қабылданған тұңғыш қазақ — Әлібек Дәтбаев. Бұған дейін АҚШ-тың Силикон алқабында екі жыл табысты еңбек еткен маманмен голландиялықтар алғашқы кездесуден кейін бірден келісімшарт жасасыпты. Әлібектің ұсынуымен артынша шымкенттік Аман, кентаулық Илья да сайтқа орналасқан.

Аман Өтемұратов, IT-маман: — Гугл, фейсбук болсын, басқа топ техникалық компанияларда сұрайтын есептер бар. Сондай есептерді көбірек шығарып, дайындалдым. Кейін соның арқасында осы «booking»-те істеуге лайық инженер екенімді дәлелдеп, осы жаққа жұмысқа тұрдым.

Илья Сидорович, IT-маман: — Бұл жерде менталитет, бизнесті жүргізу, бәрі басқаша. Қатып қалған заң, бекітілген жұмыс уақыты жоқ. Барлығы сенімге құрылған. Бұлар «біз ақылды адамдарды жұмысқа алдық, ал, ақылды адамдар қалай жұмыс істеу керек екенін өздері біледі»,- деген қағиданы ұстанады.

Кадрдың қадірін білетін компания қазақстандық мамандарға да бар жағдайды жасап отыр. 5 мың еуродан басталатын жалақы, тегін түскі ас, жұмыс үстелінен қысы-жазы арылмайтын жеміс-жидек. Жолақыдан бөлек, қызметкері сатып алған велосипедтің 80 пайыз құнын компания өзі төлейді. Саяхатқа, қонақ үйлерге жеңілдіктер жасап, кәсіби шеберлігін арттыру курстарында тегін оқытатыны тағы бар. Бірақ, қазақ жастарын қызықтыратыны бұл емес.

Аман Өтемұратов, IT-маман: -Жоспарлап отырғаным, 4-5 жыл шетелде әбден тәжірибе, білім жинап, жұмысты жүргізуді үйреніп, елге қайту.

Мәди Сағымбеков, IT-маман: — Қысқа уақытқа қалуға болады, бірақ, Қазақстанға ораламыз. Барған кезде осы жақтағы жұмыс мәдениетін енгізгім келеді. Өйткені, бұл жерде жұмыс мәдениеті басқаша. Бұл жерде әріптестерім айтқандай, бастық деген нәрсе жоқ. Бәрі бірге жұмыс істейді. Әркімнің ойы тыңдалады.

Алматы, Астана, Шымкент, Тараз бен Павлодардың жастары бір үйдің баласындай тату. Елден келген базарлықты бөліп жеп, өзгеден көрген-түйгендерін бір-біріне үйретеді. Көздегендері де сол — Еуропаның тың тәжірибесін Қазақстанда енгізіп, елдегі сандық технологияны дамыту. Осылайша, Әлібек бастаған «Booking»-гі қазақстандықтар «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін?» деп әлек.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.